{metadescription}
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алғашқы қорытындысын жариялады
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алғашқы қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алғашқы қорытындысын жариялады

Бұрын-соңды болмаған белсенділік. Орталық сайлау комиссиясы бүгін сайлаудың алғашқы қорытындысын жариялады. Ел халқының 97,7 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты жақтаған. Сөйтіп, саяси додада қазіргі президент алдына жан салмай, қарсыластарын шаң қаптырды. Қалған екі кандидаттың жинаған дауысы ауыз толтырып айтуға да келмейді. Коммунист Тұғын Сыздықовта 1,6 ал Әбілғазы Құсайыновтың жинағаны бар-жоғы 0,7 пайыз дауыс қана. Бірақ, бұл сандар аздап өзгеруі мүмкін. Өйткені Орталық сайлау комиссиясы аймақтардан келген мәліметтерді қайта қарап, әлі тағы нақтылаймыз деп отыр.

Еліміздегі ең ірі саяси дода аяқталғанымен, 10 мыңға жуық сайлау учаскесіндегі қызметкерлер түні бойы көз ілмеді. Комиссия мүшелері бюллетендерді біртіндеп санап, 9 жарым миллион адамның  қайсысы кімге дауыс бергенін санап шықты. Сөйтіп, бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алғашқы қорытындысын жариялады.

Қуандық Тұрғанқұлов, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

-Республикадағы сайлаушылар дауысы мынадай:  Әбілғазы Құсайынов үшін сайлаушылардың 0,7 пайызы дауыс берді. Нұрсұлтан Назарбаевқа 97,7 пайыз, Тұрғын Сыздықов үшін 1,6 пайыз. Егемен Қазақстан тарихында мұндай белсенділік бірінші рет болып отыр.

Яғни, сайлауға қатысқан 9 жарым миллион адамның 220 мыңға жуығы ғана Құсайынов пен Сыздықовқа дауыс берген. Қалғаны Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдап отыр. Мұндай қорытындыны халықаралық бақылаушылар да ерекше қолдап жүр. Айтуларынша, шеттен келген мыңға жуық бақылаушының бірі де  еліміздегі өткен президент сайлауынан мін таппапты. Керісінше, жерлестеріміздің саяси белсенділігіне таңқалып отыр.

Арнис Цимдарс, халықаралық бақылаушы (Литва):

-Адам көп келді. Жұрт ұзын-сонар кезекте тұрғанын көрдік. Қазақстан сайлауды үлкен дайындықпен өткізді. Заңбұзушылықты мүлдем көрген жоқпыз. Сіздер өз болашақтарыңызды таңдадыңыздар. Ал, біз базар аралап, қазақтың қазы-қартасынан алып, енді елімізге қайтамыз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісін депутаттар да атап өтті. Мәжілісмендердің арасындағы офицерлер тіпті арқаланып әріптестеріне әскери бұйрық берді. 

-Назар аударыңыздар! Қәне , орнымыздан тік тұрамыз.  Менің Жоғарғы Бас Қолбасшым жасасын !Ура,ура,ура!

Дариға Назарбаева, Мәжіліс вице-спикері:

-Бұл жеңіс «Нұр Отанның» жүргізген саясатының да жемісі. Әр адам үлес қосты.

Осылайша тұрғындар  жер-жерде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісін атап өтуде. Ал, Орталық сайлау комиссиясы бүгін жариялаған мәліметті екі күннің ішінде қайта қарап, тағы бір пысықтап алмақ. Сөйтіп, сайлаудың соңғы қорытындысын  3-ші мамырға дейін жариялауы тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде