{metadescription}
Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды
Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды

Елді аралаған жауынгерлік ту Астанаға оралды

Астанаға әйгілі 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі оралды. Ақмолада жасақталған бұл бөлімнің сарбаздары Курск түбінде шайқасып, Румыния, Венгрия, Австрия мен Чехословакияны жаудан азат еткен болатын. Ал екі айға созылған  «Біз - Жеңістің мұрагеріміз!» атты акция кезінде ту барлық облысты аралап шықты.

Аты аңызға айналған жауынгерлік ту еліміздің 25 қаласында болған. Он мыңдаған шақырым жүріп өткен байрақ 1941 жылы 72-ші атқыштар дивизиясы құрылған жер - Арқа төсіне оралды. Бүгін әйгілі тудың көшірмесін Ұлттық гвардия сарбаздарды соғыс ардагерлеріне табыстады.  Бірнеше күннен соң осы қызыл туды әскери бөлімдердің бірі Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруде алып жүрмек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде