{metadescription}
Оралдық мүсінші теректен батыр ескерткішін жасап шығарды
Оралдық мүсінші теректен батыр ескерткішін жасап шығарды

Оралдық мүсінші теректен батыр ескерткішін жасап шығарды

Оралдық мүсінші Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жеңіс күніне орай туған қаласына ерекше сый жасады. Бірнеше жыл бойы өлі ағашқа айналған теректі жонып, батыр ескерткішін жасап шығарған.

Оралдық мүсінші мына жуан теректі қылышын қос қолдап жерге қадап, қаһарына мініп тұрған батырға айналдыра білген. Автордың айтуынша, туынды ел қорғаны болған қазақ батырларының жиынтық бейнесін көрсетеді. Жалпы Болатбек Баймағамбетовтың мүсіншілікпен айналысып жүргеніне 3 жылдай уақыт болыпты. Ал қала тұрғындарына осындай сый жасау туралы ой аяқ астынан келген. Шебердің бұл идеясын қала басшылығы да құптаған екен. Мұндай өнер туындыларының ең төмені нарықта 300 мың теңгеден басталады. Ал Орал тұрғындары болса енді тегін тамашалай алады.

Болатбек Баймағамбетов, мүсінші:

-Былтыр осы теректі көрдім де ой келді. Биыл Қазақ хандығына 550 жыл, Жеңіске 70 жыл. Соның бәріне қаламызға сый ретінде жасаймыз деген, қасымда Азамат деген көмекшім бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.