{metadescription}
ОҚО-да балалар мінген қайық аударылып екеуі қаза тапты
ОҚО-да балалар мінген қайық аударылып екеуі қаза тапты

ОҚО-да балалар мінген қайық аударылып екеуі қаза тапты

Оңтүстік Қазақстанда оқушылар мінген қайық аударылып, салдарынан екі жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға Сырдария өзенінде болған.

Мереке күні Абай ауылындағы емхана дәрігерлері өздерінің балаларымен өзен жағасында демалмақ болыпты. Күні бойы серуен құрған олар кешқұрым жеткіншектерді моторлы қайықпен серуендетпекші болыпты. Тіпті, қайықшының алкоголдік ішімдікті ұрттап алғанына да қарамаған. 5 оқушы мінген қайық жағадан ұзай бере аударылып кетіпті. Жағадағы ересектер суға кеткендердің төртеуін құтқарып үлгерсе, 8-ші сынып оқитын екі жасөспірімнің денесі тек келесі күні табылды. Енді марқұмдардың ата-аналары жұмыс орнында арақ ішкен қайықшыға қатысты арыз дайындап жатыр. Ал құтқарылған 4 адамның үшеуі ауыр хәлде ауруханаға түскен.

Ғани Мырзабеков, Сарыағаш-Абай аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-3 бала түсті 5 жасар, 7 жасар, 24 жасар суға тұншығумен. Түскен кезде жағдайлары күрт ауыр болатын. Реанимациялық көмек көрсетілді. Жаңағы 5 жасар қызымыздың жағдайы ауыр, аппаратқа алынды. Қазіргі кезде аппаратта жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.