{metadescription}
«ҚазАтомӨнеркәсіптің» жаңа  төрағасы тағайындалды
«ҚазАтомӨнеркәсіптің» жаңа  төрағасы тағайындалды

«ҚазАтомӨнеркәсіптің» жаңа төрағасы тағайындалды

Астанада ауыс-түйіс. Бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев тағайындалды.

Енді 42 жастағы Асқар Жұмағалиев уран кеніштері, яғни бюджетке ірі табыс түсіріп отырған өндіріс саласына жауап береді. Өйткені, «Қазатомөнеркәсіп» әлемді уранмен 40 пайызға қамтып отырған алпауыттардың бірі. 26-шы наурызда осы ұлттық компанияның бұған дейінгі басшысы Нұрлан Қаппаров Қытайда ресми делегация құрамында жүріп, әріптестерімен түскі ас ішіп отырғанда жүрегі тоқтап қайтыс болған. Бүгін «сол досымның орнына қызмет істеуге келгенімді сезінудің өзі ауыр» деген Жұмағалиев маңызды стратегиялық қызметке тағайындағын президентке алғыс айтты.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде