{metadescription}
Жамбылда бюджет қаржысын жеген полицейлерге қатысты сот басталды
Жамбылда бюджет қаржысын жеген полицейлерге қатысты сот басталды

Жамбылда бюджет қаржысын жеген полицейлерге қатысты сот басталды

Жамбылда екі жоғары лауазымды полицей мемлекеттің милиондарын жымқырды деп айыпталуда. Облыстағы әкімшілік полиция басқармасы басшысы мен Ішкі істер департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы күдікті ретінде сот алдында жауап беріп жатыр. Қаржылық құйтырқылыққа тағы екі кәсіпкердің қатысы бар.

Оның беруі кінәсін мойындап тергеу жұмыстарына көмек берген. Ал, екі шенді полицей мен екінші бизнесмен өздеріне шаң жуытар емес. Бұл дау бақылау камерасынан шығып отыр. 50 қондырғыны қала көшелеріне орнату үшін бюджеттен 200 млн. теңге бөлініпті. Қыруар қыржы қолдарына түскен соң тәртіп сақшылары ең болмаса жәй есеп үшін де тендер өткізбей, тапсырыс алушы компанияны өздері таңдаған. Сөйтіп сол серіктестікпен қаржыны жымқыру операциясын жүргізген. Яғни, алынған камералардың бірде біреуі ақысына сәйкес емес. Осылайша, төрт сыбайлас 80 млн. теңгені қалтаға басқан. Жылға жуық тергеліп, сот алдына енді жеткен істің әлі ұзақ қаралатын түрі бар. Ал, процес ашық болғанымен оған тілшілер қатыстырылмайтын болды.     

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.