{metadescription}
Соғыс ардагерлері байкерлердің мотоцикліне отырып, қала аралады
Соғыс ардагерлері байкерлердің мотоцикліне отырып, қала аралады

Соғыс ардагерлері байкерлердің мотоцикліне отырып, қала аралады

Соғыс ардагерлерін қызылжарлық байкерлер де ерекше етіп құттықтады. Қарияларды мотоциклге мініп аралаған олар, сыйлықтар мен  тура соғыстағыдай үшбу етіп бүктелген алғыс хаттар табыстады.

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлерді осылайша құттықтау  жергілікті мотоклуб мүшелерінің идеясы. Айтуларынша, мотоциклдің соғыс кезінде маңызы зор болған. Тек кеңес әскерінде жолсызбен және тар жерлерде еркін жүре алатын тоғыз мыңға жуық осындай көлік болған екен. Байкерлердің арасында қалалық мәслихат депутатының барын естіген ардагерлер өкпе-назын да айтып қалды. Жуырда 90-ға толған Александр Кубасовтың үйі жыл сайын еріген қар суына толып қалады екен. Талай рет әкімге барған оның бұл әрекетінен түк шықпапты.

Александр Кубасов, соғыс ардагері:

-Әкімнің қабылдауына барып едім, көмекшілері  екі қолымнан ұстап шығарып салды. Шахар басшысына кіргізбеді. Өзге кабинетке жіберіп еді, ондағылар компьютерге телміріп, ешқайсысы мені жөнді тыңдамады.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.