{metadescription}
Ақтөбеде тағы бір оқушы өзіне қол салды
Ақтөбеде тағы бір оқушы өзіне қол салды

Ақтөбеде тағы бір оқушы өзіне қол салды

Соңғы екі аптаның ішінде осымен үшінші оқушы суицид жасаған. Барлығы мектепті биыл тәмамдауы тиіс еді.

Ал өз өзіне қол салған тағы сол №3 мектептің 11-ші сынып оқушысы. Жасөспірімді үйінде асылып тұрған жерінен жақындары тауып алған. Білім ошағы басшылары оқушы қыздың не себепті мұндай қадамға барғанын түсінбей отыр. Дәл осы мектептің еңбек пәні мұғалімі де жұмыс орнында он күн бұрын өзіне қол салған еді. Қазір жасөспірімдер арасындағы суицидке байланысты мектептерде жаппай тексеру жүріп жатыр. Оқушыларға ақыл-кеңес айту үшін тіпті мешіт имамдары да тартылған.

Шолпан Өмірзақова, №3 мектеп директоры:

-Қайтыс болатын күні оқушымыз сабаққа келмеді. Сынып жетекшісіне ауырып қалғанын айтып сұранған. Оның өлімі біз үшін жұмбақ болып отыр. Мінезі жайдарлы, үлгерімі жақсы еді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде