{metadescription}
Алматыда 9 миллион теңге ұрлаған қаскөй іздестіріліп жатыр
Алматыда 9 миллион теңге ұрлаған қаскөй іздестіріліп жатыр

Алматыда 9 миллион теңге ұрлаған қаскөй іздестіріліп жатыр

Ал Алматыда тапа-тал түсте кісі өлтіріп, бақандай 9 миллион теңгені қолды қылған қарақшының кім екендігі белгілі болды. Аты-жөні әзірге жарияланбай отырған жігітті полицейлер бүкіл қаланы тінтіп іздестіріп жатыр.

- Біз ештеңе білмейміз?

– Жалақыларыңызды алдыңыздар ма?

Жоқ, әлі берген жоқ!

– Қашан береді деді?

– Білмейміз ештеңе, кетіңдерші а?

-Түсірмеңдер кетіңдер! Бар, кет!

-Бар дегенді түсінбейсің ба?

Қарақшылық шабуыл осы «Рэм-Кран» фирмасына жасалған. Қазір мұндағы қызметкерлердің қабағы қатулы. Өйткені, қолды болған 9 миллион теңге жұмысшылардың бірнеше айлық жалақысы екен. Қомақты қаржыны бас есепші мен тағы екі қызмектер банктен алып келген. Бірақ кіреберісте травматикалық тапаншамен қаруланған жігіт оқ атып, қапқа салынған ақшаны алып қашыпты. «Стражник» маркілі қарудан атылған резеңке оқ бір адамның денесін тесіп өтіп, ол сол жерде мерт болды. Мәліметтерге қарағанда, күдікті Алматы қаласының тұрғыны.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде