{metadescription}
Атырауда төпелеп жауған жаңбыр үйлерді қиратып, жүздеген адам далада қалды
Атырауда төпелеп жауған жаңбыр үйлерді қиратып, жүздеген адам далада қалды

Атырауда төпелеп жауған жаңбыр үйлерді қиратып, жүздеген адам далада қалды

Атырауда тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды! Соңғы 30 жылда болмаған нөсер жауыннан өңірде тұрғын үйлерді су басып, жұрт жаппай қауіпсіз жерлерге көшірілуде. Тіпті қала бойынша мектептер мен балабақшалар жұмыстарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Тек бір түннің өзінде жаңбыр суы 50 үйді шайып, екеуінің шаңырағы ортасына түскен. 400-ден аса тұрғын уақытша баспаналарға орналастырып жатыр. Көшелерінде арық жүйесі жоқ.

-Кеше түстен кейін басталып, түні бойы төпелеп жауған нөсер жауынның кесірінен қаладағы тұрғын үйлер мынадай судың астында қалды. Төтенше жағдайға тиесілі техника суға кеткен үйлерге көмек көрсетіп үлгере алар емес. Көмектен күдер үзгендер сағатына 5000 теңгеге мынадай насосты жалға алып, өз берттерінше әрекет етуде.

Әуелі ауланы толтырған жаңбыр суы таңғы 3 шамасында үйге лап қойған. Тұрғындар қажетті нәрсемізді де жинап үлгермедік дейді. Қазір олар жарамды дүниелерін алып, тума-туыс жағалауда.

Гүлмира Дүсіпова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Үйдегі  дүниенің  бәрі қалқып кетті. Міне көріп тұрсыздар, басқа шығаратын жеріміз де жоқ, тек қана насоспен шығарып жатырмыз.Бірақ оның әлі жетпей жатыр.

Айтолқын Абдулова, Атырау қаласының тұрғыны

-Мынадай су деген 85 жылы болды. Үй бер дейтін жай жоқ, жағдайды түсінеміз. Бірақ  бізге көмектессін.

Төтенше жағдай қызметкерлері де қарап отырмағанымен, бәріне бірдей қол ұшын созып үлгере алар емес. Көмек күткен халықты кезекке жазып қойған. Жалпы 50-ге жуық тұрғын үйді су басып, ескі баспаналар құлапты. 400-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Төпелеу жауған жаңбыр кесірінен мектептерде сабақ та тоқтады.

Марат Кұрманов, Атырау облыстық ТЖД  басшысының орынбасары:

-Үйлерін су басқан тұрғындар қала мектептерінің ғимараттарына көшірілді. Олар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Қауіпсіздік мақсатында мектептер мен балабақшалардағы сабақ тоқтатылды. Ертеңгі жағдайдың қалай болатыны белгісіз. Сағат сайын мониторинг жүргізіп отырмыз.

Бір күннің ішінде қаланы суға көлкіткен нөсерден зардап шеккендер саны сағат сайын артуда. Облыс басшылығы халықты сабырға шақырып, бәріне де қол ұшын созамыз деп отыр. Ал, синоптиктердың болжамы алаңдатарлық. Аспан апта соңына дейін ашылмайды, -деп болжам жасады мамандар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде