{metadescription}
Семейде сарбаз көпірден секіріп қайтыс болды
Семейде сарбаз көпірден секіріп қайтыс болды

Семейде сарбаз көпірден секіріп қайтыс болды

Семейде тағы бір адам көпірден секіріп кетті. Бұл жолы 20 жастағы сарбаз Ертіске құлап, мерт болды.

Оның денесін судан құтқару қызметі іздестіруде. Өмірмен қош айтысқан жігіт Аягөзде келісім-шарт бойынша әскери қызмет атқарған. Семейге сүйіктісімен кездесу үшін келген екен. Болжам бойынша, сарбаз үйленбек болып, ғашығына сөз салған. Сосын, қыздың көнбегенін көтере алмай өзіне қол салуы мүмкін. Мұны тәртіп сақшылары анықтауда. Айта кетерлігі, бұл алғашқы оқыс оқиға емес. Бір ай бұрын Ертістегі көпірден студент қыз секірген еді. Екеуінің де, денесі әлі табылған жоқ.

Қуанышбек Байтуғанов, Семей қалалық судан құтқару қызметінің бастығы:

-Егер былтыр 4,5 айда суға кеткендердің саны 1 адам болса, биыл 1,5 айда 5 адам суға кетті. Сөздің шыны керек, ақырғы кезде  Семей өңірінің тұрғындары жаман әдет тауып алды. Көпірден суға секіреді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.