{metadescription}
Көптен күткен «Рэкетир-2» кинокартинасы көрерменге жол тартпақ!
Көптен күткен «Рэкетир-2» кинокартинасы көрерменге жол тартпақ!

Көптен күткен «Рэкетир-2» кинокартинасы көрерменге жол тартпақ!

«Сатайфильм» киностудиясы туындыны Алматыда жабық түрде көрсетіп те үлгерді. Криминалдық драманы алғашқы болып тамашалаған адамдардың саны 2 жарым мыңнан асады. Енді қазақ және орыс тілдеріндегі отандық кино әлеміндегі озық туынды 28-ші мамырда үлкен экраннан көрсетіле бастайды.

Режиссер Ақан Сатаев араға 7 жыл салып, көрермендердің сұрауы бойынша, «Рэкетирдің» екінші бөлімін түсіруді қолға алған болатын. Жалғасын тапқан кинотуындыда бұрыннан таныс кейіпкерлердің өмірі қалай өрбігені көрсетіледі. Сондай-ақ, жаңа адамдар да қосылған.

Ақан Сатаев, режиссер:

-Бірінші бөлімдегідей әр адам өз ісіне жауап береді. Әрбір істің өтемі бар. Ерте ме, кеш пе жасаған әрекетің үшін жауап беруге тура келеді.

Екінші бөлімде басты кейіпкер Саян қылмыс әлемінен кетіп, үлгілі отағасыға айналады. Бірақ Русланның інісі Болат келіп, бәрін өзгертеді

Көптен күткен фильмді алғашқы болып көргісі келген халықтың қарасы қалың. Криминалдық драманың бірінші бөліміне көпшіліктің жоғары баға бергені белгілі. Жұрт «Рэкетир-2-нің» де көңілден шыққанын айтты.

Бауыржан Наурызбаев, көрермен:

- Маған ұнағаны режиссердің қойылымды дұрыс қоя білуі. Маған өте қатты әсер қалдырды. Әр оқиғаның өзінің финалы, яғни аяғы болып тұр.

Атышулы фильмнің жалғасына бірінші бөлімде ойнаған Жан Байжанбаев, Әсел Сағатова, Саят Исембаевтар түскен. Бұған қоса, Дәстен Шәкіров, Азамат Сатыбалды секілді танымал актерлер жаңа кейіпкерлерді сомдапты. Енді үш күннен кейін «Рэкетир-2» еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде