{metadescription}
Таразда бүтін бір ықшамауданды нәжіс суы басып жатыр
Таразда бүтін бір ықшамауданды нәжіс суы басып жатыр

Таразда бүтін бір ықшамауданды нәжіс суы басып жатыр

Осы аумақтан өтетін кәріз құбыры жарылып, қалдықтар аулаларға жайылған. Шыққан иісі қолқаны қабады. Тұрғындарға қазір үйлерінен шығу мұң. Ал ақауы бар құбыр жақын маңдағы спирт зауытына тиесілі. Алайда оның басшысы мәселеге қатысты бас ауыртатын емес.

Барысхан елді-мекені жанынан өтетін кәріз жүйесі жарылғалы шайынды көшеге ағып жатыр. Құбырдағы жарық ұлғайған сайын, нәжістің көлемі де артуда. Ал жағымсыз иісті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Айсара Анарбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

-Мынадай сасық су ағып жатқанда, жерге сіңіп жатыр қандай таза су? Иісінен кешке балалар далаға шығып ойнай алмайды.

Көшеге жиналған нәжіс суы енді аулаларға құйылып жатыр. Зәрезап болған тұрғындар, шұрық-тесік құбырдың кімге тиесілі екенін білмей біраз бас қатырды.

-Мен үш апта болды, барлық есікті сығаладым.Әкімшілкке жазғам, біздің баланста емес дейді. Спирт зауыт айдаладан қашты, қант зауыты біздікі емес дейді. «Тараз су» мүлдем, сонда баланста болмаса жауып тастасын, керегі не бізге мұның?

Ал ненің кімге тиесілі екенін білмей, жұртты сенделткен шенеуніктер кәріз жүйесінің арақ зауытының меншігінде екенін енді анықтаған. Алайда өндіріс орны банкротқа ұшырағандықтан, құбырды бірқатар әлеуметтік нысандар мен әскери бөлім қолданыпты. Бірақ қалай болғанда да, кеткен ақауға сол компания жауапты дейді атқамінер.

Ерік Көшербаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

-Өздері жөндеп қарау керек. Өйткені кәріз жүйесін пайдаланушылар қаражат төлейді спирт зауытқа. Осыны қара, болмаса бізге балансқа өткіз, біз оны «Тараз суға» беріп, сонан соң жөндеп ары қарай қарасамыз. Ал енді мынау апаттық жағдай ғой, сондықтан бұл сенікі менікі демей қалпына келтіріп аламыз.

Жұрттың сөзінше жалпы бұл аумақ инфроқұрылымның игілігінен ада. Ауыз суы жоқ болғандықтан тұрғындар баспа құдықтың лас суын ішуге мәжбүр. Жолдың нашарлығынан қоғамдық көлік те қатынамайды. Сығырайған жарықтың жыры да бұқараның бас ауруына айналған.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.