{metadescription}
Павлодарда 18 жасар қызды туыстары ұрлап, кәсіпкерге сатқан
Павлодарда 18 жасар қызды туыстары ұрлап, кәсіпкерге сатқан

Павлодарда 18 жасар қызды туыстары ұрлап, кәсіпкерге сатқан

Павлодарда 18 жастағы бойжеткенді ұрлап, 40-тан асқан  ресейлік бизнесменге тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген. Бұл істе басты «жеңгетай» –қыздың ағасы екен. Ол тіпті қалыңмал ретінде 500 мың доллар алып қойыпты.

19-ші мамыр күні колледжден қайтып келе жатқан Лиданы әлдебіреулер көлікке күштеп отырғызып алып кеткен. Бойжеткенді түсірген үйде молда мен Мәскеуден арнайы ұшып келген күйеу жігіт күтіп алыпты. Сөйтіп, өзінен 24 жас үлкен ер адаммен некесі қиылып, кейін зорланған. Ал қыздың әкесінің туыстарына 500 мың доллар қалың мал төленіпті. Тек анасы бұрынғы күйеуінің туыстарының үстінен арызданып жүріп, қызын құтқарып алды. Қазір құзырлы органдар адам ұрлау және зорлық жасау баптары бойынша қылмыстық іс қозғап, Ахмад Мистоев есімді азаматты іздестіруде. Күдіктіні есірткі тасымалдағаны үшін Ресей полициясы да іздеп жүр деген ақпарат бар. Ал Лида қазір үйіне қайтып келген.

Лейла Теміркиева, ұрланған қыздың анасы:

–Бұрынғы күйеумнің туыстары бұған дейін де қызыма бірнеше рет келіп, «сен оған тұрмысқа шығасың, бәрібір айтқанымызды орындайсың» деп қоқаң-лоққы көрсетті. Анаңды, нағашыларыңды өлтіреміз деген соң, келіссе керек қызым. Бәрін бұрынғы жабайы дәстүр бойынша істеген.

Кеше

15 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде