{metadescription}
ОҚО-да құрбысының қысымына шыдамаған қыз асылып өлді
ОҚО-да құрбысының қысымына шыдамаған қыз асылып өлді

ОҚО-да құрбысының қысымына шыдамаған қыз асылып өлді

Оңтүстік Қазақстанда сыныптас құрбысынан жәбір көрген 10-шы сынып оқушысы асылып өлді. Гүлзада Құдайберген Сарыағаш ауданындағы Абай ауылына бір жыл бұрын көшіп келген екен. Кілең бестікке оқитын қызды сыныптастарының барлығы бірдей жақсы қарсы ала қоймаса керек. Тіпті біреуі сабақ үстінде Гүлзаданы соққыға жыққан. Өзгелердің көзінше құрдасынан таяқ жеген оқушы үйіне келісімен асылып өлді. Марқұм қалдырған тілімдей хатында ажалына кінәлі қыздың аты-жөнін де жазыпты.

Бір жыл бұрын Абай ауылына көшіп келген отбасы Гүлзада мен бауырларын №140 мектепке беріпті. Кілең бестікке оқитын қыз сыныптастарымен тату-тәтті жүрген. Тек 1 ай бұрын сыныбына өзге қыз қаладан ауысып келгелі орталарының шырқы бұзылған.

Тұрсын Сарыпбекова, марқұмның әжесі:

-Бұл  фартукпен барады, бантик тағып барады. Сен ауылбайсың алдымызға түспе дейді екен.  Мұның 5-ке оқығанын да көре алмаған ғой ойда-қырда. Бұл енді тек сабақ оқитын еді.

Ақыры Гүлзада жаңадан келген Венерамен сабақ үстінде төбелесіп тынған. Сыныптастарының көзінше оңбай таяқ жеген қыз үйіне кетіп қалады. Сөйтіп, болған жәйттердің бәрін қағаз бетіне түсіріп, сарайына барып асылған. Хатында мұндай хәлге жеткізген сыныптасын жазалауды өтініпті.

Тұрсын Сарыпбекова, марқұмның әжесі:

-Мына Венера деген қыз мені қоймады намысыма тие берді тие берді. Соның кесірінен папа-мама.

Қыз асылған сарайды туыстары қиратып тастаған. Ал суицидке итермеледі деген Венера ел қатарлы бүгін 10-шы сыныпты тәмамдады.

Мадина Жанқараева, мектеп директоры:   

-Ол қыз мектепте оқып жатыр.Оны мектептен шығарып жібере алмаймыз. Кім біледі ол да өзіне қолса?

Десе де, бұл жағдайдан соң бір мұғалім жұмыстан қуылды. Мектептегі тағы екі психологқа қатаң сөгіс жарияланған. Қазір бұл бойынша білім бөлімі ішкі тексерістерді жүргізіп жатыр. Ал полиция әзірге өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, оқушылар мен мұғалімдерден түсініктеме алып жатыр.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде