{metadescription}
Ақмола облысында газға тұншығып өлгендердің туыстары мекеме басшыларын айыптады
Ақмола облысында газға тұншығып өлгендердің туыстары мекеме басшыларын айыптады

Ақмола облысында газға тұншығып өлгендердің туыстары мекеме басшыларын айыптады

Ақмола облысында кәріз жүйесінің улы газына тұншығып өлген жұмысшылардың жақындары мекеме басшыларын кінәлауда. Айтуларынша, ақшаны ғана ойлайтын бастықтар қауіпсіздік ережесін мүлдем сақтамайды. Десе де үш адамның өмірін жалмаған оқыс оқиға себебін қазір арнайы комиссия тексеріп жатыр. Нақты қорытындыны солар айтуы тиіс. Марқұм болғандар кеше жер қойнына берілді. Ал оларды құтқаруға тырысқан бас инженер әлі ауруханада.

«Бурабай су арнасында» слесарь, электрик, бас технолог болып істеген 3 бірдей азамат жер қойнына тапсырылды. Небәрі 32 жастағы Евгений отбасындағы жалғыз бала екен.

Ольга Михайлова, марқұмның туысы:

-Төбемізден жәй түскендей болды. Бұған кәсіпорын басшылығы кінәлі. Анасы жалғызынан айрылды. Тым болмаса, көмегін ұсынса екен.

Кәсіпорынның су айдайтын бекетінде оқыс оқиға болғанда диспетчер жедел жәрдемді емес, жанұшыра бас инженерді шақырған. Оның өзі келе сала есінен таныпты. Аузынан көбігі ағып құлаған 4 адамның біреуі сол жерде жан тапсырса, үшеуі ауруханаға жеткізілді. Екеуі емдеу мекемесінде қайтыс болған. Ал оларды құтқаруға келген бас инженер енді есін жиды.

Александр Шевченко, «Бурабай су арнасы» МКК бас инженері:

-Мен келгенде үшеуі баспалдақта құлап жатты. Жылдам сүйреп сыртқа шығардық. Олар ес-түзсіз еді. Содан кейін не болғанын өзім де білмеймін. Ауруханада ес жидым.

Щучьеде кәріз коллекторы жоқ. Қалдық сулар жер асты құдықтарына құйылып, осы станция арқылы тазартылады. Ал бұл кәсіпорынның басшысы газ бөлініп, адам уланатындай жағдай болған жоқ деп аң-таң болып отыр.

Вера Куропаткина, «Бурабай су арнасы» МКК директоры:

-Ешқандай апатты жағдай болған жоқ. Жұмысшылар күндіз құдықтарға баратын жолдарға қиыршық тас төсеумен айналысты. Ол нысандарда желдеткіштер жұмыс істейді. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймын.

Коллекторлық сорғы станциясында желдеткіш тоқтаусыз жұмыс істеп тұруы керек. Бірақ директоры электр энергиясын үнемдеуге бұйрық берген. Сондықтан оның сөндірулі болуы әбден мүмкін дейді марқұмдардың әріптестері. Енді 3 бірдей адамның ажалына әкелген бұл жағдайдың себеп-салдарын арнайы құрылған комиссия анықтауы тиіс. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.