{metadescription}
Travelsystem компаниясы  туристерді 1 миллиард теңгеге шығынға батырған
Travelsystem компаниясы  туристерді 1 миллиард теңгеге шығынға батырған

Travelsystem компаниясы туристерді 1 миллиард теңгеге шығынға батырған

930 миллион теңге! Туристік агенттіктер қауымдастығының есебі бойынша, Travelsystem компаниясы әкелген шығын көлемі осынша. Бұл – сыртта тентіреген мың 400 турист пен жолдамасы күйіп, елде келісім-шарт жасасып қойған 4 мың 800 адамның ақшасы. Ал жұртты сан соқтырған фирманың президенті Германияда бой тасалап жүр деген ақпарат бар.  Компания қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, басшылары өткен аптада бәрін жұмыстан шығарып, отбасымен сол елге қоныс аударыпты.

Екі күннен бері құлыптаулы тұрған Travelsystem кеңсесінің есігі бүгін ашық. Бірақ көшуін әлі жалғастырып жатыр екен. 

-Кетіңдер!

Журналистерге қырын қараған қызметкерлер кейін өздерінің де жұмыссыз қалғандарын айтты. Қыруар қаржыны қалтасына басқан басшылары болса өткен аптада-ақ отбасымен Германияға ұшып кетіпті. Сондықтан тентіреген туристердің жағдайын айта келгендерге мұндағы менеджерлердің айтар уәжі жоқ.

Эльмира Айтбаева, турагенттік директоры:

-Енді банкротпыз» дейді қызметкерлері. Олар ең болмағанда тізімді де бере алар емес. Енді Түркиядағы клиенттерімді өз ақшаммен әкелемін. Қайта мен 600 мың шығын көріп отырмын. Негізі, 10 миллионға дейін ақшасы күйген агенттіктер бар.

Туристік агенттіктер қауымдастығының мәліметіне қарағанда, шет елдерге барған 1400 отандасымыз қонақүйлерден қуылып, далада жүр. Оның 900-і Қара теңіз жағалауына барғандар, өзгесі Еуропа мен Араб Әмірліктерінде. Тағы 4 мың 800 адам Travelsystem-не алған жолдамасы күйіп, елде отыр.

Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының төрағасы:

- Жалпы шығын көлемі 930 миллион теңге. Мұның жартысын сақтандыру компаниясы өтесе жақсы. Қазір 1400 адамды жеткізу мәселесі шешілмей тұр.

Түркиядағы кей қонақүйлерде ақының төленуін күтіп, тағы бір күнге туристерге уақыт беріліпті. Бірақ бұл Travelsystem қаңғыртқан 900 адамның 10 пайзына ғана қатысты. Мұның үстіне осы жағдайдан пайда көріп қалғысы келетін алаяқтар көбейген.

Анна Осипова, турист (Түркия):

-Кей туристерге ақша төленгенін қазір білдік. Бізге де төленіпті. Бірақ түріктер осы шуды пайдаланып, туристерден қосымша ақша жасап жүр екен. Енді қайтатын билеттің ақшасы төленбегенін де естіп отырмыз.

Қазір тентіреген туристерді елге жеткізу үшін әуе компанияларымен арада келісім жасалып жатыр. Өйткені Travelsystem-нің клиенттеріне тек бірнеше рейске ғана депозит жасалған екен. Осы компанияның кесірінен күйген агенттіктердің өкілдері де қол қусырып отырмай, прокуратураға шағым түсіріп жатыр. Олар – шамамен 110-нан астам турагенттіктер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде