{metadescription}
Семей тұрғындары жолдың жөнделуін талап етіп шу шығарды
Семей тұрғындары жолдың жөнделуін талап етіп шу шығарды

Семей тұрғындары жолдың жөнделуін талап етіп шу шығарды

Көп қабатты үйлердің арасымен өтетін негізгі көшелердің бірінде асфальт атымен жоқ болғандықтан шаңы шығып жатыр. Терезелерін ашпақ түгілі, балалармен серуендеуден қалған жұрт жолдарға күрделі жөндеу керек дейді. Әкімдіктегілер болса, мәселені биыл шешеміз деп кезекті рет уәде беруде.

Бұл Семейдегі Би Боранбай көшесінің қазіргі көрінісі. Шаһардағы негізгі жолдардың бірі. Осыдан 3 жыл бұрын жол үстіндегі асфальт қалдықтары сыпырылып, жұмыс сонымен тоқтаған. Көшеге содан бері жөні түзу жол төселмепті. Жаздыгүні мұнда арлы-берлі ағылған көліктерден шаң 9-шы қабатқа дейін көтеріледі.

-Жолды жамау үшін коммуналдық қызмет күл-қоқысты да пайдаланған екен. Ал жақында көшеге тас себілген. Енді тұмандай тұмшалаған шаңмен қоса, көліктер өткен сайын тас атқылай бастаған.

Шаң жұтып жалыққан жұрт жолды шұғыл жөндеуді талап етіп, талай өтініш тастапты. Алайда, құлақ асқан жан жоқ.

Нұржан Қасымова, Семей қаласының тұрғыны:

-Бір жаңбыр жауып өтсе, ойқыштары шыға бастайды. Одан кейін күні-түні осындай дүркіреген дауыстар. Күндіз маза жоқ, түнде де маза жоқ құлаққа.

Әкімдіктегілер тұрғындарды сабырға шақыруда. 17 млн теңгеге бағаланған орташа жөндеу жұмыстары жазда басталуы керек екен. Ол дегеніміз жұқа бір қабат асфальт төселіп, ал тротуар мен дала шамдары орнатылмайды деген сөз.

Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Маусымның соңына қарай тендердың қорытындысы шығады. Содан кейін ғана жұмыс басталады. Тамызда жөндеу аяқталуы тиіс.

Тұрғындар бұны көзбояушылық, ақшаны желге ұшыру деп отыр. Өйткені көлікте жұқа асфальттің бір жылда-ақ топырағын шығарады,-деген сенімде. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде