{metadescription}
Березовка тұрғындары табиғаттың ластануына Қарашығанақтың қатысы жоқ дегенге сенуден бас тартты
Березовка тұрғындары табиғаттың ластануына Қарашығанақтың қатысы жоқ дегенге сенуден бас тартты

Березовка тұрғындары табиғаттың ластануына Қарашығанақтың қатысы жоқ дегенге сенуден бас тартты

Қоршаған ортаның ластануына Қарашығанақтың қатысы жоқ! Батыс Қазақстандағы мұнай-газ кенішінің басшылары арнайы жиын өткізіп, атышулы Березовка ауылындағы жайтқа қатысты осындай пікірлерін айтты. Бірақ бұған балалары жаппай естен танып құлап жатқан тұрғындар сенбей отыр. Өйткені жақында елді-мекен іргесіне төгілген мұнай қалдықтарын өз көздерімен көрген. Алпауыт компания мен шағын ауыл жұрты бүгін де осылай ортақ мәмлеге келе алмай тарқасты.

Қарашығанақ басшыларының қарашаның қамын ойламай отырғанына жергілікті тұрғындар қапалы. Березовкада балаларының ауыздарынан ақ көбік ағып, естерінен танып құлағаны көз алдыларынан кетер емес. Індеттің беті әлі қайтқан жоқ. Нақты себебі де сол күйі белгісіз. Ал «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» консорциумы қоршаған ортаның ластануына қатысымыз жоқ деп, шашаларына шаң жуытар емес.

Роберт Стефенс, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг БВ» компаниясының өндіріс жөніндегі директоры :

- 2011-2014 жылдар аралығында консорцумымыз қоршаған ортаны қорғауға байланысты бірнеше нысанды іске қосты. 1998 жылдан бері қоршаған ортаны қорғауға 44 миллиард теңгеден астам қаражат бөлдік.

Алпауыт компанияның мұндай есебі Березовка тұрғындарын одан бетер ашындырды.

-Шындығын айту керек қой. Біз улап жатырмыз деп. Оны ешкім айтпайды. Халықпен ойнауға бол ма? Бізге денсаулық керек қой.

Тұрғындардың сенбейтін де жөні бар. Өйткені елді-мекен іргесіне жақында кен орнынан әкелген қалдықтарды төгіп тастапты.

Тілек Темірғалиев, Березовка ауылы тұрғыны:

-Есептері өтірік. Ауаны ластап жатқандарын мына қалдықтардан да көруге болады. Бұл бұрғылау жұмыстарынан соң бүлінген топырақ. Оны өртеуі тиіс.

Березовкада тал түсте көшеден ешкімді кезіктіре алмайсың. Жақын күндері мұнда тіпті тірі жан қалмауы мүмкін. Кен орнындағы санитарлық қорғау аймағын кеңейтуге байланысты ауыл тұрғындарын жаппай көшіру жайы қарастырылып жатыр. Бірақ қашан екені белгісіз.

Қайрат Өтегенов, Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары:

-Өзіміз күтіп отырмыз. Бір екі аптаның ішінде тиісті құжат  шыққасын сонда айта аламыз қалай болатынын.

Жаңа санитарлық қорғау аймағына Березовкадан өзге Бестау ауылы да еніпті. Енді қос елді-мекен көшірілетін болса, тұрғындарға баспананы Ақсай қаласынан немесе Бөрілі мен Аралтал ауылдарынан ұсынады екен. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.