{metadescription}
Travelsystem тентіреткен туристердің алды елге орала бастады
Travelsystem тентіреткен туристердің алды елге орала бастады

Travelsystem тентіреткен туристердің алды елге орала бастады

Бүгін отандық әуе компаниясы 431 адамды үйлеріне жеткізді. Алдағы демалыстарда тағы 7 рейс жасалмақ. Дегенмен, қонақүйден қуылып жатқандарының да саны азаяр емес. 164 адам қазір Анталия әуежайында жатыр. Бүгін, сондай-ақ, Travelsystem-нің Чехиядағы бөлімінің де қызметі тоқтатылғаны мәлім болды.

Travelsystem-нің кесірінен саяхаты сәтсіз аяқталған туристердің алды бүгін елге жеткізіле бастады. Әзірге Түркияда қаңғырып қалған 431 адам үйлеріне келген. Жоспарда тағы 7 рейс бар. Негізі Travelsystem мен «Эйр-Астана» арасындағы келісім 3-ші маусымда бұзылған екен.

Тілек Әбдірахимов, «Эйр-Астана» АҚ ресми өкілі:

-Туроператор ақысын төлей алмай келісім-шартты бұздық. Енді чартерлік рейстерді орындамаймыз. 18-ші маусымға дейін жолаушыларды тегін әкелгенімізбен, одан кейін арнайы тариф бар. Бір бағытта 100 доллар.

Бүгін, сондай-ақ, жолдамасы екі күн бұрын түгесілген 164 адамның Анталия әуежайында отырғаны анықталды. 

Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығының төрағасы:

- Олардың қандай агенттектер арқылы барғаны да белгісіз. Рейстері де анық емес. Әуе компанияларынан көмек сұрап жатырмыз.

Қонақүйден қуылып жатқан туристердің қатары да еселенген. Ақысы төленбегендіктен түріктер де енді шегерім жасауды доғарып жатыр.

Анна Осипова, Түркиядағы турист:

-Бүгін шығарып жіберді. Қазір далада жүрміз. Қасымда анам мен кішкентай балаларым бар. Ал Қазақстанға қайтар билет 7-ші маусымға алынған. Енді екі күн қайда болатынымызды білмеймін.

Жалпы Travelsystem-нің кесірінен шетелде 1400 турист тентіреп жүргенін, тағы 4 мың 800 адамның жолдамасы елде күйген. Ал Қазақстанның туристер қауымдастығы бұған аса қатты бас ауыртпайтын секілді. Travelsystem-нің жағдайы жақсы деп бүгінге дейін кепілдік беріп келген де осы ұйым болатын. Енді жан-жаққа хат жаздық деп жайбарақат отыр.

Шакира Әділбекова, Қазақстан туристер қауымдастығы директорының орынбасары:

-Қазір жан-жаққа хат жазып, көмек сұрап жатырмыз. Бірақ нақты қанша адамның зардап шеккенін біз білмейміз. Оны тек Travelsystem өзі бере алады.

Бірақ есігі жабылған компаниядан мұндай мәлімет алу мүмкін емес. Оның үстіне басшысы қайда екендігі беймәлім туроператордың бүгін Чехиядағы бөлімінің де жабылғаны мәлім болды. Жалпы, Travelsystem-нің әлемнің 20 елінде кеңсесі бар екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде