{metadescription}
Қостанай мен Ақтөбеде енді мал қырылып жатыр
Қостанай мен Ақтөбеде енді мал қырылып жатыр

Қостанай мен Ақтөбеде енді мал қырылып жатыр

​Киік қырылған Қостанай және Ақтөбе облыстарында төрт түлікке де жұт келді. Бұл аймақтарда жас төлдер белгісіз індеттен шетінен арам қатуда. Қостанай облысындағы Жангелдин ауданында соңғы бірер күнде ондаған бас мал өлген.

Көршілес жатқан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының тұрғындары өздерінің денсаулықтарына да алаңдап отыр. Себебі жайылымға шыққан төрт түліктің бастары ісіп, тұрған жерлерінде қатып қалады екен. Қазір бұл өңірде өлген малдың дені бұзау мен құлын. Сондай-ақ, киік жаппай қырылған Сұңқария жерінен 20 шақты дала қоянының өлекселері табылған. Дегенмен, жергілікті билік, киік пен мал өлімін байланыстырғылары келмейді.   

Қайыпбай Бекежанов, Қостанай облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

-Өлген малды тексергенімізде оның жұқпалы дерт емес екенін аңғардық. Сондықтан қырылған киіктермен байланыстыра алмаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.