{metadescription}
Таразда мас жүргізушіні жолаушылардың өздері ұстап берді
Таразда мас жүргізушіні жолаушылардың өздері ұстап берді

Таразда мас жүргізушіні жолаушылардың өздері ұстап берді

Таразда мас күйінде қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні жолаушылардың өздері ұстап берді. Ішімдік ішкенін жасырмақ болған ол, полицейлерге тоқтамай қашқан. Дегенмен алысқа ұзап кете алмады.

Газелдің ары-бері теңселуінен ішіндегі кісілер жүргізушінің мас екенін аңғарып, дереу полицияға хабар берген. Маршруттың бағытын баққан жол сақшылары алдынан күтіп алғанымен, жүргізуші қызыл жағалылардың бұйрығына бағынбай қаша жөнеледі. Алайда алысқа ұзай алмады. Қашқын 3 шөлмек сыра ішкенін бірден мойындап, әрі ащы судан сіміруіне отбасылық кикілжің себеп деп ақталған. Бұған дейін де ол мас күйінде ұсталып, көлік жүргізу куәлігінен айырылған екен. Сөйте тұра автопарк басшысы оны қалай жұмысқа жолатқаны түсініксіз. Енді ол, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде