{metadescription}
Алматыда жылдамдық қуған «Лексус»  жүргізушісі  балабақшаны талқандай жаздады
Алматыда жылдамдық қуған «Лексус»  жүргізушісі  балабақшаны талқандай жаздады

Алматыда жылдамдық қуған «Лексус» жүргізушісі балабақшаны талқандай жаздады

Алматыда тағы да балабақша бүлдіршіндері зардап шеге жаздады. Қала ішімен жүйткіп, еліріп алған жігіт көлік тізгініне ие бола алмай, көшеде тұрған бірнеше машинаны соғып өткен. Ал ол машиналар тура балалар ойнап жатқан алаңқай жанына қойылған екен. Оқиға куәгерлерінің күдігі бекер емес екен. Полиция кінәлі жүргізушіні тінтіген кезде жас жігіттің шұлығынан есірткі тауып алды.

Тұмсығынан түк қалмаған қара «Лексустың» қатты жылдамдықпен келгені көрініп тұр. Алдымен жолай мына джиптің артқы бұрышын қағып өтіп, қаңғалақтап жол жиегінде тұрған «Мицубишиге» соқтыққан. Жерге жарты метр кіріп, түбі бетонмен бекітілген темір қазық та арыны қатты көлікке қалқан құрлы болмапты. Сол сәтте джиптің рөлінде отырған Александрдың үйіне қайтып келе жатқан беті екен.

Александр Перепелкин: зардап шеккен көлік жүргізушісі:

-Арт жақтан қатты соққы болды. Дереу полицияға шақырдым. Ал «Лексус» жүргізушісі есігінен шыққан бойы айғайлап, қолын ербеңдетіп, адам түсінбейтін ерсі қылық істеумен болды. Не жағдайға тап болғанын қайдам, әйтеуір киімінен аппақ ұнтақ зат табылды.

Айыпты жігіттің полиция келген сәтте қандай күйде болғанын сол жердегі куәгерлер телефонына түсіріп алыпты. Мына кадрларда ол тәртіп сақшыларына бой бермей, қарсыласып бағуда. Бір уақытта шұлығына қол жүгіртіп, белгісіз бір затты ышқырына тықпалай бастады.

-Бар, бар, қалтасынан алып шықты...

Жасырмақшы болғаны мына кішкентай пакетке салынған есірткі екен. Полицейлер онысын тартып алу үшін тұрғындардың көмегіне жүгініп, біраз әуреге түсті. Арық жігітпен ұзақ арпалысқан тәртіп сақшылары тіпті жандарына келіп тоқтаған мына нөмірсіз көлікке де назар аударар емес.

Әзірге қалалық Ішкі істер департаменті бұл іске қатысты ақпарат таратпай отыр. Тентек жүргізушінің кім екені, ышқырына нені тыққыштағаны да сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.