{metadescription}
Жетімдерді тәрбиелеу жүйесіне өзгеріс енгізілмек
Жетімдерді тәрбиелеу жүйесіне өзгеріс енгізілмек

Жетімдерді тәрбиелеу жүйесіне өзгеріс енгізілмек

Достықта жасқа шектеу жоқ! «Сәбимен отбасының сәні кірер» қоғамдық қоры жетім балаларды тәрбиелеу жүйесіне тағы бір тың бастама енгізіп отыр. «Тәлімгерлер» жобасы аясында енді кез-келген ерікті азамат балалар үйіне келіп, олардың тәрбиесіне үлес қоса алады.

Мәселен, 37 жастағы Надежда Симканич пен 13 жастағы Андрейді сырттай көргендер анасы мен баласы деп қалуы мүмкін. Бірақ олай емес. Екеуі бар болғаны жақсы достар. Әрі «Тәлімгерлер» жобасының алғашқы қатысушылары. Биылдан бастап, елімізде «Сәбимен отбасының сәні кірер» қоғамдық қоры осындай жаңа тәрбие әдісін енгізіп отыр. Оған сәйкес, енді ерікті азаматтардың жанына жақын келген балалармен жиі жүздесіп, оған ақыл-кеңесін айтып, тәрбие беруге мүмкіндігі бар. Ара-тұра үйіне де алып кетуіне болады. Бастамашыл топ, жоба оң нәтиже береді деген ниетте. 

Шолпан Байболова, «Cәбимен отбасының сәні кірер» қоғамдық қорының жетекшісі:

-Бұл – халықаралық тәжірибеде бар әдіс. Әсіресе, 20 жылдан бері Америкада жақсы қолданылып келеді. Ал бізге енді енгізіліп жатыр. Нәтижесі жаман емес сияқты. Мақсатымыз – бүлдіршіндерді дұрыс жолға жетелеу. Әрі ерікті азаматтардың балалар үйіне жақын болуына жол ашу. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде