{metadescription}
Алматыда діндарлар арасында күрестен турнир өтті
Алматыда діндарлар арасында күрестен турнир өтті

Алматыда діндарлар арасында күрестен турнир өтті

Боз кілемде – діндарлар! Алматыда мешіт имамдары арасында қазақша күрестен ІІ республикалық турнир өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жасы 18-ден асқан, салмағы 74 келіден жоғары түйе балуандар финалдық белдесуге шықты. Алдымен аймақтарда өткен іріктеу сындарына 75 адам қатысқан. Солардың арасынан суырылып шыққан 10-ы Алматыда өзара мықтыны анықтады. Жүлдегерлерге берілген сыйлықтар да атап өтерліктей. Турнир жеңімпазы – Алматы облысының сайыпқыраны Жайық Қыңырбеков үлкен қажылық сапарына жолдама ұтып алса, екінші орын иегері – Жамбыл облысының тумасы Алмас Бегімбетов - Умра қажылық жолдамасына қол жеткізді. Ал 3 орын бұйырған қостанайлық діндар Ақжол Рақымжанов 200 мың теңге ақшалай жүлде ұтып алды.

Ерлан қажы Малғажыұлы, Бас мүфти:

-Ислам діні жастарымызды денсаулығының мықты болуына, өз денсаулығын күтуге шақырады. Осы себептен, күрестің ұйымдастырылып жатқаны бұл біздің дінімізден алыс емес. Қатысушылардың ішінде имамдарымыз бар. Олар осы жарысқа бір жыл дайындалды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.