{metadescription}
Рудныйда мас бұзақыны ақсақал таяқпен ұрып жүріп тәубесіне түсірді
Рудныйда мас бұзақыны ақсақал таяқпен ұрып жүріп тәубесіне түсірді

Рудныйда мас бұзақыны ақсақал таяқпен ұрып жүріп тәубесіне түсірді

Таяқтап тәртіп орнатты. Рудный қаласында қолына таяқ ұстаған ақсақал жартылай жалаңаш жүрген бұзақыны орнына қойды. Ащы судан сілтеп алған сотқар көліктерді тепкілеп қана қоймай, көшедегі жұртқа да доқ көрсеткен. 

Осылайша, ақсақал көшедегі жұрттың мазасын қашырған бұзақының жазасын берді. Жартылай шешінген ер адам көшенің дәл ортасында тұрып жүргізушілерге жұдырығын көрсетіп жүрген. Онымен қоймай, көліктердің де алдын бөгеп, кес-кестеген. Бетімен кеткен мас тұрғынды тәртіпке келтірудің орнына куәгерлер болған жайтты жаппай қызықтап, ұялы телефонына түсіріп тұрды. Тек қария бұзақыны таяқпен тәубесіне келтіре алды.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде