{metadescription}
Шымкентте құбыр тесіп мұнай ұрлағандар ұсталды
Шымкентте құбыр тесіп мұнай ұрлағандар ұсталды

Шымкентте құбыр тесіп мұнай ұрлағандар ұсталды

Оңтүстікте екі азамат Шымкенттің маңынан мұнай тапты. Ол үшін жерді бұрғыламай-ақ мұнай құбырын тесіп, оңай олжаға кенелген.

Ұсталғандардың бірі – бұрын дәл осы әдіспен ақша жасаймын деп екі рет сотты болған 55 жастағы Қызылорда тұрғыны. Екіншісі – 28 жастағы Оңтүстік Қазақстанның тумасы. Сыбайластар түнделетіп шығып, «Павлодар-Шымкент» құбырынан 5 мәрте қара алтын ұрлапты. Құбырлар шұрқ тесік болғанын байқаған полицейлер көп ұзамай бұларды ұстады. Олар келтірген шығын бірнеше миллион теңгемен есептелінеді. Енді тәртіп сақшылары ұрланған мұнайдың кімге қалай сатылып отырғанын да анықтауы керек.

Ақша қажет болған соң, құбырды бұрғылауға келістім. Ол су құбыры деген. Тескеннен кейін ғана мұнай жүретін құбыр екенін білдім. Осы қызметім үшін маған 30 мың теңге төлеймін деді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.