{metadescription}
Биылғы егін тағы қар астында қалуы мүмкін
Биылғы егін тағы қар астында қалуы мүмкін

Биылғы егін тағы қар астында қалуы мүмкін

Биылғы  егін тағы қар астында қалып шіріп кетуі мүмкін. Әсіресе, астықты өңір – Солтүстікке қауіп төніп тұр. Себебі, бұл аймақтарда тұқым өте кеш себіліп жатыр.

Диқандарды төпелеп жауған жаңбыр әбден діңкелеткен. Енді дән кеш себілгендіктен оны ору мерзімі қара күзге дейін созылып кетуі ғажап емес. Яғни астық жинау тағы жаңбырға тап болып, тіпті қар астында қалуы ықтимал. Мұның зардабы миллиондаған шығынға әкелері сөзсіз. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер бұл жағдайға жол бермеу шаруалардың өз қолында деп отыр. Жаңа техника, тыңайтқыш, мемлекеттен көмек алып кәсібін дөңгелетіп әкеткендер тұқымды әлдеқашан сеуіп тастаған. Ал сылтау айтып, бар пәлені ауа райына жапқан шаруалардың  техникасы әлі далада тұралап тұр. Бірақ шенеуніктер биыл астықтың шығымы мол боларына сенімді. Ал қолында барды ұқсата алмаған диқандардың  жерін  Үкімет тартып алмақшы.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Екі жылдың ішінде ешқандай жұмыстар жүргізілмесе, онда осы қожалықтардың жерлері алынады. Басқа жұмыс істейтін қожалықтарға беріледі. Білесіздер 97 пайыз жер мемлекеттің меншігінде. Бұлар кезінде жалға берілген. 49 жылға жалға берілген

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде