{metadescription}
Назарбаев орманның ортасында тұрып  өмірдің мәні неде екенін түсіндірді
Назарбаев орманның ортасында тұрып  өмірдің мәні неде екенін түсіндірді

Назарбаев орманның ортасында тұрып өмірдің мәні неде екенін түсіндірді

Өмір туралы көп ойлана бермеуге кеңес берген Елбасы Астана іргесіне егілген алып орман бас қаланы жаздағы шаң мен желден, қыстағы дүлей бораннан қорғап тұр деп ағынан жарылды.

Мемлекет басшысы жасыл алқапты алдымен тікұшақта отырып бақылады. 17 жыл бұрын бастама қолға алынар сәтте, қу тақыр әрі тастақ жерге ағаш өспейді деп қарсылық танытушылардың да көп болғанын еске алды президент. Бұл болжамның жоққа шыққанына енді мына жайқалып өскен орман дәлел. Осы жасыл белдеудің көлемін 2020 жылға қарай 110 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бүгін Елбасы алқапты зиянды жәндіктерден тазарту үшін  қырғауылдарды тордан еркіндікке жіберді. Одан бөлек, мұнда елік, қоян, түлкі мен құстың сан түрі бар. Бұл ерекше қорғалатын аймақ болғандықтан, аңшылық жасауға қатаң тыйым салынған. Ал табиғат аясынан ерекше әсер алған мемлекет басшысы орманның ортасында тұрып өмірдің мәні неде екенін де жіліктеп түсіндіріп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Басыңды қатырмай бүгінгі күнмен өмір сүр. Қайтесің. Неше түрлі пәле бар  адамның басына келетін.Оның барлығын  ойласаң өмір сүре алмайсың.Алла бізге жан берген кезде,қашан өлетінін ешкімге айтқан жоқ.Оны білетін болсақ өмірдің барлығы сұмдық болар еді ғой. Өмірдің мәні жақсы өмір сүру, жақындарыңды сыйлау, Отаныңа қызмет қылу. Сонымен қатар ұрпағыңның болашағын жарқын қылу. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде