{metadescription}
Таразда жедел жәрдем ауруханаға жетпей көз жұматын  науқастардың көбею себебін түсіндірді
Таразда жедел жәрдем ауруханаға жетпей көз жұматын  науқастардың көбею себебін түсіндірді

Таразда жедел жәрдем ауруханаға жетпей көз жұматын науқастардың көбею себебін түсіндірді

Таразда жедел жәрдем қызметі дабыл қағуда. Науқастарға дер кезінде көмек көрсетілмеуінен жыл басынан бері 25 адам көз жұмған. Дәрігерлер бұған арнайы көліктің жолына бөгет жасайтын жүргізушілерді кінәлауда.

Шұғыл шақыртумен шыққан жедел жәрдем көлігіне мына жүргізуші пысқырған да жоқ. Ескертпе дыбысты да елемей өте шықты.Тіпті кейбірі кес-кестеп мүлдем жол бермей, салдарынан науқастарды тасымалдауға қиналамыз дейді дәрігерлер. Былтыр 49, ал биылғы алты айдың өзінде 25 адам ауруханаға жете алмай жарты жолда ажал құшқан. Ал, мына жол апаты ел-жұрттың жағасын ұстатты. Сырқат баланы әкеле жатқан арнайы көлікті жүргізуші жеңіл көлігімен бүйірден соғып аударған. Бес адам жараланды. Дәрігерлер енді осылай ереже бұзып, адам өміріне қауіп төндіргендерді қатаң жазалауды талап етуде.

Шолпан Қонысбаева, Жедел жәрдем стансасының дәрігері:

-Біз көлікпен алып шыққан ауруды жеткізе алмаймыз. Кептеліс бар. Болмаса, арнайы көліктерге жол бермейді. Екіншіден бізде ереже дұрыс пайдаланылмайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.