{metadescription}
Ақтаудағы  жантүршігерлік жол апаты жұртты шошытты
Ақтаудағы  жантүршігерлік жол апаты жұртты шошытты

Ақтаудағы жантүршігерлік жол апаты жұртты шошытты

Ақтауда екі баланы қағып кеткен жүргізуші қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Темір тұлпар «Қала жолдары» коммуналдық кәсіпорнына тиесілі екен. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан 9 және10 жасар жеткіншектерді көлігімен жаншып өткен.

Жолақтан өтпес бұрын балалар сәл аялдап, бірінші қатардағы көліктердің тоқтағанына көз жеткізіп алған. Олардың сақтық әрекеті сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Алайда, екінші жолақтан қатты жылдамдықпен келген «Нива» қос бүлдіршінді қағып өткен. Соққының қатты болғаны сонша балалар  20 метрге дейін ұшып кетіпті. Қайта, 20 секунд өтпей дәл сол жолмен кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі балаларды аурухаға жеткізген. Екеуі де хал үстінде жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.