{metadescription}
«Алматы аруы» байқауына іріктеу басталады
«Алматы аруы» байқауына іріктеу басталады

«Алматы аруы» байқауына іріктеу басталады

Сұлулық кезекті рет сынға түспек! 3 күннен кейін биылғы «Алматы аруы» байқауына қатысушыларды іріктеу басталады. Сұлулық сайысына қатысуға 10 күннің ішінде 40-тан астам бойжеткен өтініш білдіріп үлгерген.

Биыл іріктеуге 200-ден астам ару жиналады деп күтілуде. Ал озық шыққан 25 қыз байқауды әрі қарай жалғастырады. Ақтық сын қыркүйек айында қала күнін тойлау аясында өткізілмек. Жоба барысында қазақ хандығының 550 жылдығы мен жеңістің 70 жылдығы сынды айтулы мерекелер де аталып өтеді. Оларға жобаның бір бөлімі арналып отыр. Ал «Алматы аруы» атанған қатысушы тікелей Қазақстан аруы байқауына жолдама алады. Осылайша, жеңімпаз әлем аруына қатысу үшін бақ сынайды. Бір айта кетерлігі, ұйымдастырушылар «Әлем аруы» байқауын да алдағы жылдары Қазақстанда өткізуді жоспарлап отыр. Қазір бұл үшін арнайы келіссөздер жүргізілуде.

Совет Сейітов, «Алматы аруы» байқауының директоры:

-Үш тур болады. Бірінші тур 27-28-інде кастингтен басталады. Екінші туры шілде мен тамыз айында өтетін болады. Ол кезде біз конкурстар өткіземіз, сериал ретінде түсіреміз.  Финал қыркүйек айында өтетін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде