{metadescription}
Қытайда есірткімен ұсталып сотталған отандасымыздың адвокаты аппеляциялық шағым түсірді
Қытайда есірткімен ұсталып сотталған отандасымыздың адвокаты аппеляциялық шағым түсірді

Қытайда есірткімен ұсталып сотталған отандасымыздың адвокаты аппеляциялық шағым түсірді

Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған қыздың адвокаты бүгін сотқа апелляциялық шағым түсірді. Естеріңізге салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоудан Малайзияға 4 келі есірткі тасымамақ болды деген күдікпен аспан асты елінде ұсталған болатын.

Енді оған қатысты апелляциялық сот отырысы өтеді. Ақжарқынның қорғаушысымен қатар, еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі де дипломатиялық жолмен Қытай сот органдарына 20 жастағы жерлесіміздің ісін қайта қарау туралы ресми хат жолдаған. Заңгердің айтуынша, шағымды қарауға 3 ай мен 6 ай аралығында уақыт кетеді. Енді қытайлар келесі сот отырысының уақытын белгілеген бойда, қыздың туыстары мен қорғаушысы Гуанчжоуға аттанады.

Сұңқар Нұрмағамбетов, А.Тұрлыбайдың адвокаты:

-Үкім шыққан он күннен кейін біз апелляциялық шағым түсірдік.  Енді, Қытай сот органдарының жауабын күтеміз. Қазір Ақжарқынның жағдайы жақсы. Біз оған сәлемдеме жібердік. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде