{metadescription}
Алматыда полиция жүргізушіні қарудың көмегімен әзер тоқтатты
Алматыда полиция жүргізушіні қарудың көмегімен әзер тоқтатты

Алматыда полиция жүргізушіні қарудың көмегімен әзер тоқтатты

Алматыда тағы да атыс! Полицейлер бұл жолы жүк тиелген көлікті қарудың көмегімен әрең тоқтатқан.

Жол сақшылары тоқтатқан Volkswagen Transporter маркалы шағын автобустың жүргізушісі құжаттарын көрсетуден бас тартып, тіпті қашып кетуге тырысқан. Сөйтіп, полицейлерге жеткізбей қойыпты. Тіпті, қарсы бағытқа шығып, жол жүру ережесін өрескел бұзған. Полиция қызметкерлері, амалсыздан көліктің арттағы дөңгелегіне тапаншамен оқ атуға мәжбүр болды. Осыдан кейін машина аударылған. Салдарынан жүргізушінің басы жараланды. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, шағын автобуста жалғыз жүргізуші ғана болмаған. Тіпті қасындағылар тәртіп сақшыларына оқ жаудырған көрінеді. Бірақ ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растаған жоқ. Ондағылардың айтуынша, 20 жастағы азамат көлігімен контрабандалық жүк алып бара жатқан. Енді оған қатысты тергеу жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Яғни, билік өкіліне бағынбау фактісі бойынша. Бұл баптың нормаларына сәйкес, санкцияларына сәйкес, 100 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл көзделген немесе 45 тәулікке дейін қамау көзделіп отыр.

Кеше

17 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде