{metadescription}
Мәсімов пен Әбіқаев интернеттегі үгіт-насихатқа сеніп соғысқа кетіп жатқандарға алаңдаулы
Мәсімов пен Әбіқаев интернеттегі үгіт-насихатқа сеніп соғысқа кетіп жатқандарға алаңдаулы

Мәсімов пен Әбіқаев интернеттегі үгіт-насихатқа сеніп соғысқа кетіп жатқандарға алаңдаулы

Елімізде дінінен адасып, ғаламтордағы үгіт-насихатқа арбалғандар әлі де жиһадқа кетіп жатыр. Сөйтіп, санасы уланғандар басқа мемлекеттегі соғысқа тартылып, соңында жат жерде ажал құшуда. Қазірдің өзінде лаңкестік топтардың жетегінде кеткен 150-ден астам отандасымыз Сирия мен Иракта қолына қарау ұстап,  қанды қақтығыста жүр екен. Олардың басым бөлігі – лаңкестердің әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатының  құрбандары.  Ал ғаламтордағы бұл бассыз әрекетті тыю қиынға соғып тұр.

Ғаламтордағы жарнамасы жер жарған және  жалпы күш-қуаты «Әл-Қаидадан» да асып түсетін, арнайы қызметтер «Даиш» деп атайтын халықаралық лаңкестік ұйым бар. Жауынгерлері Ирак пен Сирия аумағында билік әскерімен соғысып жүр. Өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын ұйымның қатарында түрлі елдердің  ондаған мың азаматы басқалардың геосаяси мүддесі  үшін  ажал құшып жатыр. Астанада Орталық және Оңтүстік Азиядағы экстремизм мәселесіне арналған жиында дәл осы ислам халифатын құрғысы келетін топтың атауына  Нұртай Әбіқаев  қарсы шықты.

Нұртай Әбіқаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің төрағасы:

-Лаңкестік ұйымды  «мемлекет» деу   - оны заңды түрде  мойындаумен тең, бұл  дұрыс емес. Біз оларды қызмет барысында  «Даиш» деп атаймыз. Саясаткерлер, бүкіл қоғам да осы атауға көшкен  дұрыс, ал лаңкестер  өздерін  кім десе, ол десін.

Бүгінде «Даиш» Хорасан халифатының идеясын Солтүстік Африка, Орталық Азия, Қытайда қызу насихаттап жүр. Ұйымның жақтастары Ауғанстанға дейін жеткен. «Қой терісін жамылғандар» әсіресе, жастарды тура жолдан адастырып,  психологиялық тұрғыда  қысым жасап, қатарларына қосуда.  Адамды арбаудың жолын шебер меңгергендер  үгіт-насихатты ғаламтор арқылы қазіргіден де  күшейтіп жатыр.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

-Радикалдар ғаламторды содырларды жинап, ақпарат алмасу және түрлі лаңкестік операцияларды жоспарлау үшін  пайдаланып отыр. Лаңкестердің  жиһадқа  шақырып, Facebook  пен WhatsApp арқылы таратқан   хабарламаларын бір күнде екі миллионнан астам адам қарайды екен. Қазақстанда бұған тыйым салынған, сонда да сақ болуымыз керек.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қазір Сирия мен Иракта 150-ден астам Қазақстан азаматы  қолына қару алып, қанды қақтығыстың бел ортасында   жүр. Содырлар  соңынан тіпті әйелі мен шиеттей бала-шағасын ертіп кеткен. Олар дін жолында өздерін  өлімге қиюға даяр.

Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік комитеті лаңкестік ұйымдардың бірыңғай тізімін жасап, оларға тиесілі бар мүлікті тәркілеуді ұсынды. Ал жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен радикалдық сайттарды жапқанымен, басқа мемлекеттің аумағынан қайта ашылып адамдардың санасын улауда. Сол жат жердегі соғысқа аттанып, басқалардың геосаяси мүддесі  үшін қолшақпар боп жүргендердің елге тірі оралуы екіталай. Қайтқан күнде де оларды түрме күтіп тұр. 

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде