{metadescription}
Оңтүстіктің тұрғынын өзбек шекарашылары атып өлтірді
Оңтүстіктің тұрғынын өзбек шекарашылары атып өлтірді

Оңтүстіктің тұрғынын өзбек шекарашылары атып өлтірді

Қазақ-өзбек шекарасында төтенше оқиға! Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзбек шекарашыларының оғынан қаза тапты. Бүгін қапыда қара жамылған отбасы марқұмды жер қойнына тапсырды.

Қайғылы оқиға кеше түнде болған. Ауылдағылардың айтуынша, Қазақстанның екі азаматы Сырдария өзеніне балық аулауға шыққан. Шекараны бұзбаса да, арғы беттегі өзбек сақшылары сес көрсетіп, өз аумақтарына өтуді талап еткен көрінеді. Алайда  балықшылар артқа шегіне бастайды. Осы сәтте өзбек шекарашылары бұларға оқ жаудырыпты. 37 жастағы Уәлихан Ахметовке екі жерінен оқ тиіп, мерт болды. Марқұмның артында шиеттей 7 баласы қалды. Туыстары көрші елдің шекарашылары бұған дейін де талай қиғылық салғандарын айтуда. Сондықтан кінәлілерді анықтап, жазаға тартуды сұрап отыр. Ал қарсы  тарап Қазақстан азаматтары  Сырдарияның өзбектерге тиесілі аумағына өтіп кеткен дейді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Дәмегүл Ахметова, марқұмның анасы:

-Шиеттей бала-шағаны кім бағады? Шешесінің отырысы анау. Алды 15 жасар, арты 1 жасқа толмаған.Балалар жетім, келін жесір қалды. Енді менің баламды атып кетіп отыра береді ме? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.