{metadescription}
ОҚО-да қыздарын қинап өлтірген келіншек үкімді естігенде талып қалды
ОҚО-да қыздарын қинап өлтірген келіншек үкімді естігенде талып қалды

ОҚО-да қыздарын қинап өлтірген келіншек үкімді естігенде талып қалды

Оңтүстік Қазақстанда туған балаларын өлтірген әйел жазасын алды. Екі қызын марқұм күйеуінің галстугымен буындырып мерт қылған Фируза Тулағанова енді 20 жылын темір тордың арғы жағында өткізуі тиіс. Келіншектің қандай үкім күткені белгісіз, әйтеуір 20 жылды естігенде есінен танып қалды.

Әйел тала берген соң үкім оқу үшін судья бірнеше мәрте үзіліс жасады. Туған қыздарын өлтіргені үшін прокурор 20 жыл сұраған. Судья жауыз ананың жазасын жеңілдететін бір себеп таппай, мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.Жаға ұстатарлық жағдай биыл сәуірде Сарыағаш қаласында болған. 4 баласы бар жесір әйел күйеуінің галстугымен әуелі 11 жасар қызын буындырып, артынша ұйқыда жатқан 9 жасар қызын тұншықтырып өлтірген. Кейін ішкі істер қызметкерлеріне барып қылмысын мойындаған ол мұндай айуандыққа бала-шағасын асырай алмай бардым деген еді. Қазір тірі қалған ұл мен қызы туыстарының қолында тұрып жатыр.

Сәмидин Темірәлиев, судья:
-2004 жылы туылған Есімбаева Аманкүл мен 2006 жылы туылған Балым деген қыздарын өмірден көрген қиыншылықтарынан яғни ақшасы, материалдық ақшасы жетіспей балаларын бағуға қиналып, мұндай өмір сүргенше сүрмей-ақ қойсын деп екі қызын буындырып өлтірген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде