{metadescription}
Назарбаевтың ашық әңгімесі ел ішінде қызу талқыланып жатыр
Назарбаевтың ашық әңгімесі ел ішінде қызу талқыланып жатыр

Назарбаевтың ашық әңгімесі ел ішінде қызу талқыланып жатыр

Ағынан жарылған ашық әңгіме! Елбасының КТК эфирінен шыққан кешегі сұхбаты ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Президент бұған дейін дәл осылай ашылып сұхбат берген емес. Назарбаев ел басына күн туғанда қабылданған маңызды шешімдері, қақтығыстардың алдын қалай алғанын айтты. Тіпті жемқорлығы үшін түрмеге жабылған жақындарын да сөз етті. Деректі фильмде бұрын еш жерде көрсетілмеген мұрағаттағы бейнежазбалар да көрсетілген.

-Я одно могу сказать, голода в Казахстане не будет. В трудностях людей мы защитим. Голодать никому мы не позволим. Раздетыми ходить мы тоже не позволим.

Бұл егемендіктің алғашқы жылдарында жазылған кадрлар. Заманның тар кезінде мұндай уәделер беру үлкен жауапкершілік еді. Тығырықтан шығу үшін Президент күн-түн демей тер төкті, инвесторлар тартты. Ол үшін тіпті қулыққа баруға да тура келген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Конечно, блефовали. Казахстан большой. 9-я территория. У нас есть богатства. Я полный самолёт набил в Америку. Приехал. Большая бизнес-встреча была. Тогда Нурлан Смагулов продавал машины и я сказал: «Вот магнат наш, машиностроительный» или Болат Абилов продавал спортивную одежду, я говорил, что это «торговый гигант». Они так смеялись.

Экономика көтеріліп, бизнес өркендеген тұста « бармақ басты көз қыстының» да белең алғаны есте. Қазынаға қол сұққандар көбейді. Әсіресе, Президент өзі сенім артқан қызметкерлерінің шатылғанына қапалы. Бұл ретте Серік Ахметов пен Талғат Ермегияевты мысалға келтірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Я его приглашал и говорю «Я тебе поручаю вот это и я сам слежу за этим делом. Ты смотри, деньги государственные из национального фонта мы тратим туда. Это контролируют все. И счётный комитет и финпол и комиссия, специально созданная за каждой копейкой».

Бұл ретте Елбасы ағайын-туыс пен дос-жарандарына нықтап тұрып ескерту жасады. Қылмыс жасаса, ешқайсысы жазасыз қалмақ емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я посадил отца моих трех внуков. Думаете они со слезами ко мне не приходили вместе с матерью? Приходили. Думаете я не переживал? Конечно переживал. Но когда видел, что это явно, что это просто сверх вон, я не остановился перед этим. Убиты два человека молодых. Помните заместителей банка его. Как можно прощать и сколько бизнесменов от него пострадали?!

Алдағы ауқымды жобалар, Еуразиялық экономикалық одақ, тіл мен тарих туралы да кеңінен сөз қозғады Елбасы. Әсіресе Қазақ хандығының 550 жылдығын ішіп-жеп кететін той ғана емес, тәрбиелік маңызы бар, мағыналы етіп өткізу керектігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев бір сағатқа созылған сұхбатында осылай ағынан жарылды. Бұған дейін жеке өмірі жайында айтпаған Президенттің сөздері қазір ел ішінде қызу талқыланып жатыр. Ендігі міндет - қарқынды дамып жатқан Қазақстанды одан әрі гүлдендіріп, алдағы 30 елдің қатарына қосу. Ол үшін Президет тағыда бірнеше бағдарлама мен реформаларды жүзеге асыратынын жеткізді.

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.