{metadescription}
Назарбаев: Қазақстанды  ұлы дала елі ретінде әлемге таныстыратын жаңа бренд қажет
Назарбаев: Қазақстанды  ұлы дала елі ретінде әлемге таныстыратын жаңа бренд қажет

Назарбаев: Қазақстанды ұлы дала елі ретінде әлемге таныстыратын жаңа бренд қажет

Нұрсұлтан Назарбаев бюджет ақшасын оңды-солды шашатын шенеуніктерге шүйлікті. Ысырапшыл Үкіметті сынап, дереу үнемге көшуді тапсырды. Бүгін Министрлер кабинетін жинаған президент ең ауқымды   индустрияландыру бағдарламасының қалай орындалып жатқанын тексерді. Тікелей эфирде бірнеше зауытты ашқан, Елбасы Қазақстанды әлемге Ұлы дала елі ретінде таныстыратын жаңа  бренд ойлап табуға пәрмен берді.

Мына алып павильондағы өнімнің бәрі отандық. Кезінде бір түйір шырпы шығармаған Қазақстан қазір шұлыққа дейін тігіп жатыр. Ал мұнай мен газға жіпсіз байланған экономиканы индустрияландырудың қалай жүріп жатқанын бүгін президент тағы тексеруге келді. Миллиардттар бөлінген ауқымды жобалармен асықпай танысқан Елбасы 10 облыстағы 10 зауытты тікелей эфирде іске қосты. Сөйтіп алюминий, титан, трактор, күннен қуат алатын станция, мұнай, газ, химия саласына шикізат шығаратын өндірістер жұмысын бастап кетті.

Индустрияландырумен бірге  «Нұрлы жол» да қатар жүзеге асырылады. Енді соңғы бағдарлама аясында пәтерлер салынып, құлағалы тұрған үйлер мен мектептер жаппай жөнделуі тиіс. Аймақтарды Астанамен байланыстыратын жолдар төселеді. «Нұрлы жол» мен индустрияландыруға Ұлттық қордан бөлініп жатқан  миллиардттарда есеп жоқ. Президент бүгін сол бар ақшаны оңды-солды шашуға әуес әкім мен министрлерге шүйлікті. Әсіресе,  таяқтың ұшы Экономика министрі Ерболат Досаевқа қаттырақ тиді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Туда-сюда размахиваем деньгами, как будто это чужие деньги. Давай, следи. Министерство твое называется - "экономики", "экономического развития". Значит, экономить надо во всем. Понял?

-Да понял.

Назарбаев биыл индустрияландыру бағдарламасы өте ауыр кезеңдерге жүзеге асырылатынын мойындады. Өйткені, әлемде мұнай мен газға бағаның түсуі, рубльдің құлдырауы ашылған кейбір кәсіпорындардың тоқтап қалуына әкелген. Сондықтан алып емес, ықшам бизнеске басымдық беру керек. Ал соңғы 5 жарым жылда 800-дей зауыт іске қосылып  мыңдаған жұмыс орны ашылыпты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сондықтан істеген шаруамыздың барлығы бекер болған жоқ. Сол 770 өндіріс орнының барлығының іске қосылып, өзінің күшіне қуатына ену үшін барлық облыстың әкімдері Үкіметпен бірге жұмыс істеу керек. Олай болатын болса, қазігі болып жатқан мұнай газ түсті металдардың бағасының төмендеуін  мына өндіріс арқылы орнына келтіруіміз керек.

Сонымен қатар президент бүгін индустрияландыру бағдарламасы аясында ашылған зауыттар тоқтап қалатын болса, оған облыс әкімдерінің басымен жауап беретінін қатал ескертті. Тіпті оларға  жайлы кабинетте отырып алмай, құрылыс алаңдарына көбірек  баруды қадап айтты. Сөйтіп «Қазақстанда жасалған» деген әлемге танымал бренд өнімдер   шығаруды қолға алуға пәрмен берді. Ал екі сағат бойы, Елбасыдан ескерту алған атқамінерлер әдеттегідей  іске білек сыбана кірісуге уәде етіп тарқасты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде