{metadescription}
Шымкентте есеп шығара алмаған оқушыны ұрған мұғалім тілшілерге де жұдырық ала жүгірді
Шымкентте есеп шығара алмаған оқушыны ұрған мұғалім тілшілерге де жұдырық ала жүгірді

Шымкентте есеп шығара алмаған оқушыны ұрған мұғалім тілшілерге де жұдырық ала жүгірді

Шымкенттік тағы бір мұғалімнің ерсі қылығы елге жария болды. Ұялы телефонға түсірілген кадрларда оқушысының жер-жебіріне жетіп айғайлап, сыныптастарының көзінше сабап жатқаны бейнеленген. Сөйтсе, педагог оқушының есеп шығара алмағаны үшін ашуланыпты.

Сонда көбейтуді білмесең не бар 11 класта, ҰБТ-да нең бар ей! Айтсайшы! Көбейтуді білмесең не бар ҰБТ-да!

Бұл мамыр айында Шымкенттегі №24 мектепте болған. Есеп шығара алмай жатқан оқушыға 55 жастағы ұстаз аузына келгенін айтып, шапалақпен қуып жүріп ұрған. Мұны оқушылардың бірі түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған соң іске полиция араласты. Енді 32 жыл ұстаздық еткен математика пәнінің мұғалімі жарты миллионнан астам айыппұл ғана төлеп қоймай, 3 жылға дейін жұмысынан қуылуы да мүмкін. Жүйкесі жұқарған мұғалім тіпті түсіру тобына да жұдырық ала жүгірді.

-Түсірме дедім ғой. Түсірме... 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде