{metadescription}
Жомарт Ертаев тағы түрмеге жабылуы мүмкін
Жомарт Ертаев тағы түрмеге жабылуы мүмкін

Жомарт Ертаев тағы түрмеге жабылуы мүмкін

Атышулы Жомарт Ертаев тағы түрмеге жабылуы ықтимал.   Бүгін Бас прокуратура топ-менеджердің не үшін айыпталып жатқанын түсіндірді. Тергеу материалдарына қарағанда, Ертаев «Альянс банктің» лауазымды қызметкерлерімен ауыз жаласып, салымшылардың банкке сеніп тапсырған ақшасын бірігіп жеген. Оның сомасы ондаған миллиондарды құрауы ғажап емес. Ертаев осы «Альянс банк ісі» бойынша бұған дейін істі болған еді.  Тек бұл жолғы былығы ашылған бойда, банкир ұшты күйлі жоғалып кетті.

-2009 жылы Жомарт Ертаев өзі жетекшілік еткен банктің 1 миллиардын жымқырып шатылған болатын. Алайда, сот кезінде үкімі өзгертіліп, 9 ай отырған изолятордан түрмеге емес, үйіне оралған-ды.  Енді бұл жолы оңай құтыла қоймасы анық.

Бас прокуратура Жомарт Ертаевты күдікті деп танығанымен тек банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғап отыр. Тергеу құпиялығына байланысты бұдан өзге ақпарат әзірге белгісіз.

«Альянс банктің» лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар өзінің лауазымын пайдаланып, банкке тапсырылған ақшаны ұрлаған. Жомарт Ертаевтың да осыған қатысы бар болуы мүмкін.

Жомарт Ертаев өзіне тықыр таяғанын сезсе керек, күдікке ілінгеннен бері жер жұтқандай жоқ. Еліміздегі ең ірі кабелдік оператор «Алма тв»-ны басқарып отырған ол, жұмыс орнында да неше күннен бері қарасын көрсетпей жүр. Ертаев басынан дау арылмаған 2002-2007 жылдар аралығында Альянс банкін басқарды. Өзін жарнамалауды жақсы көретін ол кейін Еуразиялық банкке ауысты. Мұнда арзан қойылым жасаймын деп жұрттың күлкісіне қалғаны бар.

Артынан бұл видеоның қолдан ұйымдастырылған шоу екенін банкирдің өзі мойындады. Оны халықтың назарын аудартып банкті жарнамалау үшін әдейі түсірген. Пиарды қатты жақсы көретін Ертаев әртіс те болды.

-Мои друзья в кавычках очень желают, чтобы я покинул Казахстан, нет, этого не будет. Я люблю свою страну, я буду жить здесь. Я являюсь духовным лидером Евразийского банка, я был кормчим и им останусь, не дай Бог, конечно, если меня не посадят.

Жомарт Ертаевтың басы алғаш рет дауға қалып жатқан жоқ. Осыдан 6 жыл бұрын «Альянс банктің» 1 миллиард доллардан астам қаржысын жымқырып, ұрланған ақша көлемі бойынша рекорд орнатқан болатын. Осы үшін түрмеге жабылған Ертаев 9 айдан кейін жазасы жеңілдеп бостандыққа шықты. Енді міне араға 5 жыл салып екінші рет шатылып отыр.

-Десе де,ақша жымқырды деген күдікке ілінген Ертаевтың өзі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Оның  тәртіп сақшылары іздеп таба алмай  жатыр.Соған қарағанда, бір былығы бар секілді. Ал  егер ұсталып, кінәсі дәлелденетін болса, бұрынғыдай 9 ай емес, 4 жылға темір торға жабылатын болады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде