{metadescription}
Қостанайда Виктория Ганяны өлтірген қылмыскер жазасын жеңілдетуді сұрады
Қостанайда Виктория Ганяны өлтірген қылмыскер жазасын жеңілдетуді сұрады

Қостанайда Виктория Ганяны өлтірген қылмыскер жазасын жеңілдетуді сұрады

7 жасар қызды азаптап өлтірген қылмыскер жазасын жеңілдетуді сұрады. Денис Лесников осымен екінші рет сотқа шағым түсіргенімен, бұл жолы да сот қаскөйдің өтініші қараған жоқ.

32 жастағы қанішер отбасының ауыр жағдайын және анасының ауру екенін айтып, аяушылық танытуды сұраған. Осылайша, тәркіленген үйін әйелінің иелігінде қалдыруды көздепті. Бұған қоса, өмір бойына қамаудың орнына, нақты уақыт белгілеуді сұраған. Алайда, шешім еш өзгеріссіз қалды. Қанышер осымен екінші рет сотқа қарсы шағым түсіріп отыр. Мамыр айында да жазаны жеңілдетуді сұрап апелляцияға берген болатын. Ол кезде сот істі қайта қарап, тек 200 мың теңге көлемінде тағылған айыппұлды жойды. Естеріңізге салсақ, Лесников 7 жасар Виктория Ганяны зорлап, кейін азаптап өлтірген. Бүлдіршін былтыр сәуірде із-түзсіз жоғалып, кейін өлі денесі табылған еді. Бір ай бойы оны 3 мыңнан астам адам іздеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.