{metadescription}
Отандық дизайнерлер қызылжарлықтарды кедей санайды екен
Отандық дизайнерлер қызылжарлықтарды кедей санайды екен

Отандық дизайнерлер қызылжарлықтарды кедей санайды екен

Отандық дизайнерлер қызылжарлықтарды кедей санайды екен. Петропавлда өткен фэшн-фестивальге еліміздің отыздан астам сән үйлері тек арзанқол дүниелерін алып келіпті. Өткені бұл шараға қатыспас бұрын ұйымдастырушылар өңір тұрғындарының тұрмысын зерттеп, сауалнама жүргізген екен. Расында да, көрпелеріне қарап көсілген теріскейліктер, арзан деп әкелінген киім-кешектердің өзін жарты бағасына да алмай кетті.  

Дизайнерлердің «авторлық» деп мақтанатын дүниелерінің арасында көз тартатыны жоқ. Олпы-солпы тігілген киімнің бағасы да удай. Сәнгерлер бұған тұралап қалған отандық жеңіл өнеркәсіпті кінәлайды. 

Әлия Төкенова, дизайнер: 

-Маталардың көбі шетелден алынып жатыр, өйткені біздің Қазақстанда осындай өнеркәсіп әлі дамыған жоқ. Маталарды шығару үшін, менің ойымша.

Қызылжарға аттанбас бұрын фестивальді ұйымдастырушылар өңір тұрғындарының тұрмысын зерттепті. Орташа жалақы, сатып алу қабілеті сынды барлық көрсеткіштер ескерілген.  

Әсем Қасымова, фестивальдің жоба-менеджері:

-Тауарлардың бәрі тұрмысы орта жандарға арналған. Әрине, елімізде өте қымбат киім тігетін дизайнерлер бар. Бірақ бұл шаһарда олардың бұйымдарын сатып алатын адам табу қиын. Сондықтан біздің тауарлардың құны 10 мың мен 30 мың теңге арасында.   

Отандық дизайнерлердің көйлектерін көруге асыққан қызылжарлық сәнқойлар аз емес екен. Тек рубль құлағалы таяқ тастам жердегі Ресейден киінетін қыздар мұндағы киім сапасы мен бағасына қарап мұрындарын шүйіріп кетті. 

Қадиша Қуантаева , Петропавл қаласының тұрғыны:

-Немерелеріммен көрейін деп келгем. Бағалары қымбатырақ екен. Өйткені бренд тауарлар деп аталады, сондықтан біздің қалаға бұл әлі қымбат көрінеді.  

Үш күнге созылған фестивальде отандық дизайнерлер саусақпен санарлық дүниелерін ғана сата алды. Ұсқынсыз киімнің аспандап тұрған бағасын олар кейінірек екі есе арзандатса да, мұнысын елеген ешкім болмады. Өйткені еліміз бойынша ең төменгі жалақы алатын қызылжарлықтар бір көйлекке жарты айлығын жұмсағысы жоқ.   

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.