{metadescription}
Қостанайлық қария ауласында өскен есірткі шөбінен құтыла алмай жүр
Қостанайлық қария ауласында өскен есірткі шөбінен құтыла алмай жүр

Қостанайлық қария ауласында өскен есірткі шөбінен құтыла алмай жүр

Қостанайлық қария ауласында өскен кендір-шөптен құтыла алмай жүр. Есірткінің негізі боп табылатын өсімдіктің көзін жою үшін ол жергілікті биліктен көмек сұрауға мәжбүр. Әйтпесе, қақпасының алдында қаулай өскен шөпті шегуге нашақорлар жинала бастапты.

Дмитрий Михайлович әлі бар кезінде шөпті өзі отап жүрген. Енді шамасы жоқ. Ал коммуналдық қызметтен көмек сұраса, ондағылар арамшөптен құтылу зейнеткердің өз міндеті депті. Полицияға хабар берсе, олардың да қозғалатын түрі жоқ. Бастапқыда 12 шаршы метрді алып жатқан кендір, енді әбден жайылып кеткен. Әлдекімдер шетінен орып әкетіп жатыр. Сөйтіп, ескірткі шөбінің қызығын жергілікті нашақорлар көруде дейді қария.  

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.