{metadescription}
Назарбаев туған күнімен құттықтаған отандастарына алғыс айтты
Назарбаев туған күнімен құттықтаған отандастарына алғыс айтты

Назарбаев туған күнімен құттықтаған отандастарына алғыс айтты

Назарбаев дән риза! Бүгін Елбасы 6-шы шілдедегі туған күні мен Астана күніне орай өзіне мыңдаған құттықтау хатын жолдаған отандастарына алғысын білдірді. Жүректен шыққан ақ тілектер Нұрсұлтан Назарбаевты тебіренткені сонша, қауырт шаруалардан қолы енді босаған  президент бүгін арнайы үндеу жазып халқына рахметін айтты.

Астанада үш күнге жалғасқан думанды жұрт жыр қып әлі жарыса айтып жүр. Елорда күні мен Нұрсұлтан Назарбаевты мерейлі 75 жасымен кейбір президенттер жеке келіп  қуанышына ортақтасса, Арқа төсіне жолы түспегендер Ақорданы қымбат  сыйлықтар пен құттықтау жеделхаттарына үйіп тастады. Бұлардың ішінен президентті әсіресе, аймақтардан жеткен балалардың шынайы ақ тілегі ерекше тебірентіпті. Сондықтан Елбасы қос айрықша туған күнде тосын сый жасаған еліне ризашылығын білдіруді жөн санаған. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Көптің шынайы ықыласынан артық ештеңе жоқ. Осындай қолдау, әрине, жігерлендіреді, халыққа қызмет етуге, белгіленген бағдарламаларды орындауға күш береді. Жылы лебізді құттықтаулар үшін баршаңызға шын жүректен зор ризашылық білдіремін! Әрқайсыңызға жеке-жеке ризашылығымды білдіруге де болар еді, бірақ ол мүмкін емес. Сондықтан менің осы айтқан сөздерімді әрқайсыңызға ризашылығым мен рахметім деп білерсіздер.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде