{metadescription}
Ұлын оңдырмай сабаған тараздық  келіншектің ақыл-есі тексеріліп жатыр
Ұлын оңдырмай сабаған тараздық  келіншектің ақыл-есі тексеріліп жатыр

Ұлын оңдырмай сабаған тараздық келіншектің ақыл-есі тексеріліп жатыр

Өз баласын оңдырмай сабаған тараздық келіншекке ұлымен көрісуге рұқсат берілді. 7 жасар Серік әлі бейімдеу орталығында. Ол мұнда 3 айға дейін қалуы мүмкін.

Қазір баланы ұрып-соғу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал анасының ақыл-есінің дұрыстығын тексеру үшін психиатриялық сараптама тағайындалған. Өз баласын оңдырмаған келіншектің әрекетін естіген жұрт жағаларын ұстаған еді. Алайда жеткіншектің өзі анасын қорғаштап әлек. 42 жастағы әйел болса, тіл алмаған баласын тәртіпке салмақ болдым деп ақталуда. Қазір ол тәтті-дәмдісін көтеріп, бейімдеу орталығының алдында жүр. Енді іске соңғы нүктені сот қоюы тиіс. Ал әзірге оған қалаған уақытында ұлымен кездесуге рұқсат етілді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.