{metadescription}
ОҚО-да құтқарушылар марқұмдардың денесін көліктен әзер алып шықты
ОҚО-да құтқарушылар марқұмдардың денесін көліктен әзер алып шықты

ОҚО-да құтқарушылар марқұмдардың денесін көліктен әзер алып шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік  жол апатынан 5 адам мерт болды. Қаза тапқандардың біреуі екі жасар бүлдіршін. Түнгі 3 жарымдар шамасында Шымкенттен шыққан БМВ тас жолда жылдамдықты үдетіп, алдында келе жатқан жүк көлігінің артқы жағына кіріп кеткен. Жеңіл машинада болған 23-25 жас аралығындағы 4 ересек апат орнында тіл тартпай кетті. Құтқарушылар сіресіп қалған темірді гидравликалық құралмен кесіп, денелерді әзер алып шыққан. Ал 2 жасар сәби жедел ауруханаға жөнелтілген еді. Өкінішке орай, ол да жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде