{metadescription}
Үрейленіп үйлерінен қашқан алматылықтар селден қалай аман қалғандарын айтып берді
Үрейленіп үйлерінен қашқан алматылықтар селден қалай аман қалғандарын айтып берді

Үрейленіп үйлерінен қашқан алматылықтар селден қалай аман қалғандарын айтып берді

Алматыда төтенше жағдай! Түн ортасында Қарғалы өзені тасып, балшық пен тас араласқан сел тау етегіндегі бірнеше елді-мекенді басып қалды. Қарағайлы, Құрамыс, Таусамалы мен Алғабас ауылдарында жүздеген үй бүлінген. Ал лай судың өзі тіпті қаланың төменгі бөлігіндегі ықшамаудандарға дейін жетіпті. Мыңға тарта адамды шұғыл қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Қайта өлім-жітім жоқ. Дегенмен төтенше жағдайлар қызметінен ақпарат ала алмаған алматылықтар, ғаламторда тараған түрлі дақпыртқа сеніп үйлерін тастай қашқан.

Түн ортасында лап қойған сел тау бөктеріндегі бірнеше елді-мекенді шайып кеткен. Көктен де, жерден де түсірілген көріністе апат ауқымы анық байқалады. Қарғалы өзенінің бойына жақын орналасқан үйлерді тасқын су іргесімен қоса опырып әкеткен. Газ құбыры мен көпірлер деп қираған. Қазір Қарғалы мен Каменка ауылдарына жарықсыз отыр. Ал төтенше жағдайдан абдырап қалған тұрғындар құтқарушылар жеткенше өз беттерінше жан сауғалаған.  

Өмірбек, Алматы қаласының тұрғыны:

- Оңай емес,дүрлігіп қалдық. Лай ағызып әкете жаздаған бір кемпірді шығарып алдық жабылып. Машинаны ағызып кетті анау шеттен. Сарбаздарды жіберіп алып шығып жатыр ғой. Кішкентай балалар бар. Қарттарды, бәрін әкетіп жатыр. 

Ал үйдің ішінде қалғандары жанұшыра көрші-қолаңнан көмек сұраған.

-Қазір Ақжар мен Чапаев ауындағы әрбір аулада осындай. Тасыған өзен үйдің ауласына дейін кіріп кеткен. Ал үйінде қалып қойған тұрғындарды кейбір жандар құтқарушыларды күтпестен өздері құтқаруға әрекеттеніп жатыр.

Раиса Тұрашева, зардап шегуші:

-Түнімен ұйықтаған жоқпын. Енді есікті ашайын десем үйге су кіріп жатыр. Есік ашылмайды.

- Қазір біз 16 адам салып алдық, енді  осы жақтағы адамды салып алуымыз керек.

Жалпы құтқару шарасына 1600-ге жуық адам жұмылдырылса, мыңға тарта адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оларға Наурызбай аудандық әкімдігі мен №176 мектептің жанында уақытша паналайтын штаб құрылды. Тасқын қайталанады екен ақпаратты да әкімдік жоққа шығарды. Себебі қазір ел ішінде Алатаудың етегіне салынған бөгет қирады деген дақпырт тарап кеткен. Біз де сол бөгеттің селден кейінгі жағдайын көріп келдік.

-Мына Қарғалы өзенінің бойына салынған, Алматының жоғарғы жағындағы тоспасы мыңдаған адамның өмірін сақтап қалғандай. Себебі мұнда су деңгейі түннің ішінде бірнеше ондаған метрге дейін көтерілген. Қазір мұнда үйілген қой тастар мен таудан ағып түскен ағаштардың үйіндісі ғана жатыр.

Алмат Садықов, Алматы қаласының тұрыны:

- 25 жыл болды осы жерде тұрғаныма су көтерілмеген.  Бірінші рет көріп тұрмын осылай көтерілгенін. Ағаштар келген ғой таудан. Мұндай ағаштар болмаған. Қиын жағдай .

Қазір құтқару шарасы аяқталса, мамандар сел жүріп өткен жерлерді тазалауға кіріскен. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендерге өтемақы төлеу үшін қала бюджетінен қосымша қаржы бөлінген. Осы ақшадан зардап шеккен әрбір үйге 200 мың теңге көлемінде өтемақы берілмек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде