{metadescription}
Ақтөбеде сәби ұрламақ болған студентке қатысты сот басталды
Ақтөбеде сәби ұрламақ болған студентке қатысты сот басталды

Ақтөбеде сәби ұрламақ болған студентке қатысты сот басталды

Ақтөбеде мүгедек әпкесі үшін сәби ұрламақ болған студентке қатысты сот басталды.  Азамат Шәріпов екі ай бұрын көшеде немересін серуендетіп жүрген зейнеткерді ұрып жығып, қолындағы баланы тартып алған. Оны қашып бара жатқан жерінен жол бойындағы такси жүргізушілері ұстап алыпты.

Сотқа бозбаланы қолдап келгендер қарасы көп. Туыстарынан бөлек оқытушылары мен достары да жиналыпты. Олар Азаматттың мұндай қылымысқа барғанына әлі күнге дейін сенбейді. Дегенмен, айыпталушы кінәсін толық мойындаған. Оның айтуынша, арбаға таңылған әпкесі жарты жыл бұрын босанған екен. Бірақ сәби шетінеп кетіпті. Ал жақында белгісіз біреу хабарласып, оның өлдіге санаған баласын перзентханада ауыстырып жібергенін айтқан. Тіпті мекен-жайды да көрсетіпті. Мұны естіген ол істің байыбына бармай, тұра жүгірген. Сол мекен-жайы көрсетілген үйдегі сәбиді әкетпек болған. Енді осы ісі үшін өкінетінін айтып отыр. Студенттен соққы алған зейнеткер оны кешіргенімен, сәбидің анасы айыпталушының жазаланғанын қалайды. Әйтсе де, судья бітімге келер деген үмітпен бұларға бір апта уақыт берді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.