{metadescription}
Әскерге барғанына апта өтпей қайтыс болған сарбаздың уланып өлгені анықталды
Әскерге барғанына апта өтпей қайтыс болған сарбаздың уланып өлгені анықталды

Әскерге барғанына апта өтпей қайтыс болған сарбаздың уланып өлгені анықталды

Әскерге барғанына апта өтпей жатып қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты алғашқы сараптама қорытындысы белгілі болды. Мамандар Таңатқан Өтеповтың уланғанын айтып отыр.

Оқыс оқиға маусым айында болған еді. Ақтөбелік жігіт Қостанайдағы әскери бөлімге барғаннан кейінгі бірер күннен соң табытпен оралды. Тепсе темір үзетін Таңатқан сапта тұрып сандырақтап, кейін ақыл-есі кем жандарды емдейтін мекемеге жатқызылған. Сонда есін жимастан қайтыс болыпты. Енді ұлынан айырылған қаралы отбасы екі ай дегенде әскерилерден әрең жеткен хабарға шүкіршілік етеді. Себебі, осы уақытқа дейін түрлі құзырлы органдарға шағымданып, ешбірінен жауап ала алмай келген еді. Десе де, ішкі істер министрлігінен келген хатта сарбаздың неден уланғаны ашып айтылмаған. Тек құрамында азоты бар деп қысқа қайырыпты. Енді қамкөңіл әке істің жан-жақты зерттелуін сұрап, Ақордаға дейін арызданамын деп бекініп отыр.

Дүйсенбай Өтепов, марқұмның әкесі:

- Неден уланғанын әуелде уланған деп берді ғой. Енді неден екенін таба алмай жатыр дейді. Қазір 21 ғасыр. Бүкіл не бар. Бүткіл лаборатория  тексеруі бар. Соның өзінде қалай таба алмайтынын білмеймін.     

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.